-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балалар шаттыққа бөленді

    16.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Балалар шаттыққа бөленді
    0
    SHARES
    107
    VIEWS

            Ойнақы әуен, сәбилердің шат күлкісі және ата-аналардың қуанышты жүзі… «All ability Camp» ерекше балаларға арналған спорттық лагерінің екінші маусымының жабылуында орнаған шаттық ауаны осындай.

    Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан «Heaven club» демалыс базасында ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың ата-аналары демалыс күндерін естен кетпестей көңілді өткізді. Шаттыққа толы шараны «ДЦП-life» орталығы ұйымдастырды. Балалар орталығына «Samruk-Kazyna» корпоративтік қоры екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп келеді. Демалушылар жазғы күннен қуат алып қана қоймай, өздері үшін жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашуға және әлемге басқаша қарауға мүмкіндік алды.
    Өткен жылғыдай, спорттық лагерь биыл да Қазақстанның барлық өңірінен келген, 10 мен 18 жас аралығындағы 200-ден астам ерекше қажеттілігі бар балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз етті. «ДЦП-life» орталығының басшысы Зәуре Итенованың айтуынша, мұнда олар бір апта бойына бочча, адаптивтік теннис және футбол, корнхол және садақ ату сияқты спорт түрлерімен танысты. Бұл жоба тек балаларға қолдау көрсетіп қана қоймай, тренингтер мен семинарлар арқылы олардың ата-аналарына да өмірге құлшыныстарын арттыруға бағытталған.
    Жүз елу бала мен ата-ана және еріктілер бес командаға бөлінген. Әрқайсысына «Теңіз мысықтары», «Кунг-фу Панда», «Жалынды жүректер», «Жасыл беде» және «Үйректер» деген атаулар берілді. Дәстүр бойынша түрлі спорттық турнирлер, байқаулар мен сауалнамалар ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтарды «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры бас директорының орынбасары Досбол Көшербаев табыстады. Ол балалар мен ата-аналарды маусымның аяқталуымен құттықтап, мықты денсаулық тіледі.
    Ұйымдастырушылардың, демеу­шілердің және еріктілердің аттарына ата-аналар да алғыс білдірді.
    Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылынан келген Адалятхан Илахунова: «Мен мұнда 16 жасар ұлыммен келдім. Оның диагнозы – ДЦП. Бұл жерде біз мейірімділік пен қамқорлыққа бөлендік. Осы демалыс күндерінде қасымыздан әр нәрсеге көмек беріп жүрген еріктілер кеткен емес. Басқа балалармен бірге біз де спортпен, сурет салумен, жүзумен айналыстық, түрлі тренингтерге қатыстық. Қысқасы, жақсы әсер алып, қуат жинадық, – деді.
    Ұйымдастырушыларға деген ыстық лебізін Астана қаласынан келген 12 жасар Инсар Базыл да ақтарды.
    Лагерьде маған қатты ұнады. Біз спортпен айналыстық, сурет салдық. Бұл жерден мен көптеген дос таптым, – деді.
    Балалар лагерінің жұмысына үлкен үлес қосқан еріктілер рөлін де ерекше атап көрсеткен жөн. Олар тәулік бойы қызмет көрсетті. Алматыдан келген Арнай Әбітай:
    – Менің еріктілер қатарында жүргеніме екінші жыл болды. Әр маусымда әртүрлі диагнозбен келген балаларды қараймын. Бұл өте күрделі еңбек, өйткені әрқайсысының тілін табуың керек. Бала тағдыры туралы қандай да бір өмірбаянды тыңдау психологиялық тұрғыдан өте ауыр, – дейді. Оның өзінің де ДЦП-дан жапа шегіп жүрген егіз сіңлісі бар.
    Іс-шараның қорытындысында ерекше қажеттіліктері бар балалар шағын концерт ұйымдастырды. Сондай нөмірлердің бірінде олар осы жаздың хитіне айналған «Я подарю тебе ландыши» әнін орындады. Сонымен қатар өзі жазған «Бақыт» деген өлеңін оқыған Іңкәр Әбітайға жұрт үлкен ризашылықпен қол соқты.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Электр самокаттарға қатысты заң күшіне енеді

    Электр самокаттарға қатысты заң күшіне енеді

    2 years ago
    «Алтын Орда» базарында заң бұзушылықтар анықталды

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

    3 months ago
    Ассамблея – достықтың мекені

    Ассамблея – достықтың мекені

    1 year ago
    Министр: Есірткіге тәуелді жастарды анықтайтын скрининг енгізіледі

    Министр: Есірткіге тәуелді жастарды анықтайтын скрининг енгізіледі

    2 years ago
    Балабақша

    Балабақша қызметкерлерінің жалақысын өсіру қарастырылып жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.