-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында “Ауыл олимпиадасы” басталды

    26.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алматы облысында “Ауыл олимпиадасы” басталды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Алматы облысында ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларға арналған “Ауыл олимпиадасы” бастау алды.

    Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл білім бәйгесі ауыл мектептерінде оқитын балаларға үлкен мүмкіндіктер ұсынып, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    “Бұл олимпиада ауылдық жерлердегі дарынды балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер ұсынып, олардың болашақтағы жетістіктеріне жол ашады. Жеңімпаздар еліміздің үздік мектептерінде білім алуға жолдама, сондай-ақ жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алуға мүмкіндік алады. Бұл жоба ауыл мен қала арасындағы білім беру деңгейіндегі алшақтықты жоюға бағытталған”, – деді “Жас дарын” облыстық ғылыми-практикалық орталығының директоры Диана Тетенқызы.

    Спикердің айтуынша, өткен жылы Алматы облысынан 8685 оқушы олимпиадаға қатысып, олардың 1240-ы облыстық кезеңге өткен. Нәтижесінде 414 оқушы жеңімпаз атанып, 60-ы республикалық кезеңге жолдама алған. Жаратылыстану-математикалық бағытта 17 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 6 оқушы жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алған.

    Биылғы жылы олимпиадаға қатысу үшін 15525 оқушы тіркелген, және алғашқы кезең 25 қыркүйекте онлайн форматта басталды. Қатысушылар өз мектептерінде интернет арқылы тест тапсырып, білімдерін сынауда. Екінші кезең қазан айының соңына дейін, ал үшінші кезең қараша айында облыстық деңгейде өтеді. Соңғы, төртінші кезең республикалық деңгейде 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында өтеді деп жоспарлануда.

    “Ауыл олимпиадасы” төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең онлайн форматта, ал келесі кезеңдер өңірлік және республикалық деңгейде офлайн өткізіледі. Олимпиада барысында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша сайыстар өтеді.

    Қатысушылардың олимпиадаға дайындалуына көмек ретінде auyl.daryn.kz сайтында өткен жылдардың тест тапсырмалары қолжетімді. Сонымен қатар, олимпиада туралы толық ақпарат алу үшін call-орталық жұмыс істейді.

    Ұсынымдар

    Шаруашылығы шалқыған

    Шаруашылығы шалқыған

    4 months ago
    Өнер мектебі өрендер үшін!

    Өнер мектебі өрендер үшін!

    3 months ago
    Мықты қазақ

    Таланттар тандемі

    5 months ago
    Ұлттық ойындар ұрпақты тәрбиелейді

    Ұлттық ойындар ұрпақты тәрбиелейді

    1 year ago
    Ардагерлерге тағзым етті

    Ардагерлерге тағзым етті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>