-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қоғам өкілдерінің татулығы – мемлекет тұрақтылығының кепілі

    10.04.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мәдениет, Мемлекеттік тіл, Өңір тынысы, Руханият, Саясат
    Қоғам өкілдерінің татулығы – мемлекет тұрақтылығының кепілі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «Даланың данышпандары» атанған бабаларымыздан қалған «Бірлік болмаған жерде – тірлік болмайды», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» дейтін ескі сөз бар. Ескі де болса есті сөз. Атүсті айтыла салған дүние емес. Қазақ сонау ықылым заманнан талай қиындық көрді. Бірақ бірлік пен ынтымақтың арқасында іргесі сөгілмеді, шаңырағы шайқалмады. Осыны анық аңғарған аталарымыз бақтың бірлікті, ынтымақты ортаға қонатынын ұлағат еткен.

    Тәуелсіздіктің таңы атқан соң да еліміздің басты ұстанымы осы – бірлік пен ынтымақ болды. Бір шаңырақта жүздеген ұлт ынтымақта күн кешті, бір қазаннан ас ішіп, бір таба нанды бөлісті. Нәтижесінде елдің еңсесі биіктеді. Сондықтан да біздің басты ұстанымымыз – қашанда керісу емес, келісу, ұрысу емес, ұғысу, егесу емес, елдесу болмақ. Осы мақсаттағы іс-шаралар да ұдайы жүргізілуде. Сондай игі шараның бірі «Ырыс. Ынтымақ. Келісім» деген атпен Ұйғыр ауданында облыстық акция ретінде басталды. Шараның мақсаты – өңірлердегі этносаралық ынтымақты нығайтып, қазақстандық патриотизмді дамыту. Аталмыш шараға қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы және Алматы облысының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Тұрарұлы қатысты. Қазақ тілін ана тіліндей ардақтап, барша қазақстандыққа үлгі болып жүрген Асылы Әлиқызы әңгімесінің төркінін бірліктен бастады. Ертеректе өмір сүрген атақты Қаблиса жыраудан бізге: « – Бақ, қайда барасың? – Елімен болған бірлігі, тағат, ғибадат тірлігі, ұйымшыл елге барамын» деп келетін аса құнды тәмсіл жеткен. Міне, осы ғибратты сөздің төркінін ұғынсақ, бақ бірлікті елге қонақтап қана қоймайды, мәңгілік тұрақтап қалады екен. Осыны ұғындырған Асылы апамыз осының бәрін ұйыстыратын тіл екенін, яғни, қазақ тілі екенін де екшеп айтты. «Бізді табыстырған да, тату еткен де – көкейден шыққан сөзіміз бен тіліміз. Сондықтан қазақ тілін құрметтеуіміз керек», – деп елге, тілге деген құрметін ұғындырды. Талай этностың тұрағы мен жұмағы болған Қазақ еліне, жеріне құрмет әркімнің жеке басынан басталуы қажеттігін айтып, елді ауызбіршіліктен ажырамауға шақырды.

    Мұнан соң сөз алған Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы да өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің бастамасымен қолға алынған аталмыш акцияның басталуы да жайдан-жай емес екенін сөз етті. «Бұқаралық ақпарат құралдарынан әр жерде шыққан түрлі елбұзарлардың әрекеттерін көріп отырмыз. Ондай жел сөзге ермей, елдігімізді берік ұстайық», – деген толғамды ойын айтқан қаламгер ел бірлігін арттырудағы газет-журналдардың рөлі де жоғары екенін атап өтіп, баспасөзге жазылуды да шет қалдырмау қажет екенін айтты. Алматы облысының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Тұрарұлы сөз тізгінін алып, жаңа Қазақстанның іргесінің берік болуы ел арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың тұрақты болуынан деген ойын жеткізді. Келген қонақтар жиналған тұрғындар арасында қандай да бір қордаланған мәселелер болса, ашық айтып, диалогқа келуді сұрады. «Ауруын жасырғанды өлім әшкерелейді» дейді аталарымыз. Сондықтан күрмеуі шешілмей тұрған дүниелерді айтып, пікірлесейік деген қолқа да тастады. Аудандық ақсақалдар кеңесінің, «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнет Керімқұлов сонау сақтардан сарқыт болған сары даламыздың әр тауы, тасы, өзені мен көлі киелі екенін, келер ұрпаққа жер мен ел қадірін ұғындыру керегін айтты. Мұнан соң жігітбасылар атынан шыққан аудан тұрғыны Демян Улянов, Қырғызсай ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалибай Дынысбаев, «Аяла» балабақшасының меңгерушісі Гүлбағда Әкімбековалар ауданымызда қос ұлттың татулығы мығым екенін айтып, келген қонақтарға алғыс білдірді.

    Дәл осындай жиын ауданымыздың Тасқарасу, Ават, Тиірмен ауылдарында жалғасты. Тасқарасу ауылында тұрғындар атынан сөз алушылар жастардың әлеуметтік желідегі бассыздықтарға бет бұрып, газет-журнал, кітап оқудан алыстап бара жатқанына қынжылды. Мектеп оқушылары болса Асылы Осман апамызға өздерінің сауалдарын жолдап, өнегелі өсиетін тыңдады. Татулықтың тірегі отбасынан басталса керек. Отбасы тату болса, қауым тату, қауым тату болса, қоғам тату, ал қоғам бірлікте болса, мемлекеттің мерейі үстем. Ендеше сіз бен біз отбасында татулықтың туын тігіп, ел дамуына үлес қосуға тиіспіз. Ауданда өткен жиын дәл осы қағиданы санамызға сынадай қақты.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ,
    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды

    Кеген ауданында ең қарт және ең жас сайлаушы дауыс берді

    2 years ago
    Қиындықпен шыңдалған

    Қиындықпен шыңдалған

    12 months ago
    Қос алыптың мұрасы

    Қос алыптың мұрасы

    2 months ago
    Қайта оралған Қонаев бейнесі

    Қайта оралған Қонаев бейнесі

    1 year ago
    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.