-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үнемдеген ұтады

    30.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Энергетика
    Үнемдеген ұтады

    Фото: baigenews.kz

    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Г. Өтегенова департаментте 2024 жылдың 6 айында жүргізілген жұмыс туралы брифинг өткізді.

    Спикер департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асыратынын айтты. Қазіргі танда 97 табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттейтінін, соның ішінде, электр энергиясымен және газбен жабдықтау саласындағы 9 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне қатысты баға белгілеу функцияларын жүзеге асыратынын ескертті.

    Ол таратқан мәліметке қарағанда, департаментке тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге 325  өтінім түсіп, оның ішінде, 204 өтінім бойынша  ұсынылған құжаттар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған, 37 өтінімді субъект өз тарапынан қайтарып алса, 55 өтінім бойынша тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілген, ал 29 өтінім қаралу үстінде. Одан бөлек, департамент жыл сайын тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша талдау жүргізеді. Талдау қорытындысына сәйкес, 11 субъектіге 17 қызмет бойынша уақытша өтемдік тарифтер бекітіліп, тұтынушыларға қайтарылатын қаржы 117,10 млн теңгені құраған.

    Департамент тарапынан инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша биылғы жылы мәслихат депутаттарының, әкімдіктер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен 4 баспасөз туры өткізілген. Сондай-ақ «Табиғи монополиялар туралы» Заң талаптарының орындалуын бақылау шараларын да жүзеге асырады. Атап айтқанда, биылғы жыл басынан бері департамент 10  тексеру жүргізген. Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 17 әкімшілік іс қозғалып, 24,2 млн теңге сомасында айыппұл салынды. Бұдан басқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысы қатаң бақылауда. Реттелетін коммуналдық қызметтерді ұсынудағы проблемалық мәселелерді шешу үшін әлеуметтік желі арқылы табиғи монополия субъектілері өкілдерінің қатысуымен ай сайын тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдаулар өткізілген.

    Су ресурстарын тұтыну мәдениетін арттыру және тұтынушыларды су мен жылу үнемдеуге ынталандыру үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға «Тұтынудың әлеуметтік нормалары» ұғымы енгізілді. Олар «Неғұрлым көп үнемдесеңіз, соғұрлым аз төлейсіз» қағидаты бойынша сумен жабдықтау саласында тұтыну нормаларына байланысты төрт деңгейлі тарифті қолдану көзделген.

    Бұл желілердің тозуын азайтуды қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ тұтынушыларды ресурс үнемдеуге ынталандыруға мүмкіндік береді, – делінген департамент басшысының орынбасары жариялаған мәліметте.

    Бейбіт Мекеев

    Ұсынымдар

    Абай облысындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

    Бас прокуратура: Өртке үш фактордың бірі себеп болуы мүмкін

    2 years ago
    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    2 years ago
    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау

    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау

    6 months ago
    ЖОЛБАРЫСПЕН АЙҚАСҚАН

    ЖОЛБАРЫСПЕН АЙҚАСҚАН

    7 months ago
    Көрші ел көкжиегі

    Көрші ел көкжиегі

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.