-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Шаңырақ» жеңімпазы

    04.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    «Шаңырақ» жеңімпазы
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

          Облыс әкімдігінің қолдауымен ішкі саясат басқармасы және қоғамдық даму мен келісім орталығы ұйымдастырған «Шаңырақ» шығармашылық байқауы биыл қасиетті ­Қарадала төсінде өтті. «Алма парк» демалыс аймағында ұйымдастырылған шараға барлық аудандардан қатысушылар мен қонақтар арнайы келді.

    «Шаңырақ» байқауының негізгі мақсаты – этножурналистика саласына қалам тербеп жүрген тілшілердің шығармаларын бағалай отырып, көпэтносты еліміздің татулығы мен тұрақтылығының артуына айтарлықтай үлес қосу. Байқаудың ережесіне сәйкес, үміткер материалын алдын ала ұйымдастырушыларға жолдауы қажет. Олар қазылар алқасының толықтай сараптамалық-талдамалық тексеруінен өтіп, әділ бағаланады.
    Шараның алғысөзі облыстық ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Салтанат Нұрахметоваға берілді. Ол аталған байқаудың еліміздің этносаяси саласындағы маңызы мен қоғамдық тұрақтылық бағытындағы рөлі жөнінде айта келе, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Шығармашылық жарысқа «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Забира Сайдильдина, облыстық ҚХА жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, «Жетісу» телеарнасының журналисі Гүлжан Қызайбай, «Алатау арайы» газеті бас редакторының орынбасары Болат Мәжит қазылық етті. Шара барысында Алматыдағы «UIB» халықаралық бизнес университетінің аға оқытушысы, журналистика саласындағы «Сөйлеу техникасы» методикасының авторы Толқын ­Сайдуова «Еркін сөйлеу» атты тақырыпта тренинг өткізді.
    Сонымен байқаудың қорытындысы бойынша, үшінші орынды
    ­­«Аlataunews.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі Мөлдір Иманмәди, Сүлеймен Демирел университеті журналистика факультетінің студенті Диана Қанатова, облыстық «Алатау арайы» газетінің бөлім редакторы Айжарық Көптілеуов және Ұйғыр аудандық «Қарадала тынысы» газетінің жауапты хатшысы Баян Мамырбаева иеленді. Ал облыстық «Огни Алатау» газетінің журналисі Фатима Ержанова мен «Жетісу» телеарнасының тілшісі Надежда Белова екінші орынға табан тіреді. Облыстық «Алатау арайы» газетінің Еңбекшіқазақ ауданындағы меншікті тілшісі Құралай Мұратқызы байқаудың бірінші орын иегері атанды. Қалған қатысушылардың да еңбегі ескеріліп, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

    Анар ДүйсенбаЙқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Әскерилер династиясы

    4 weeks ago
    Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

    Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

    2 years ago
    Жапон соғысының жауынгері

    Жапон соғысының жауынгері

    2 months ago
    Starlink игілігі шалғайдағы ауылдарға да жетпек

    Starlink игілігі шалғайдағы ауылдарға да жетпек

    2 years ago
    Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілер жауапқа тартылады

    Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілер жауапқа тартылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.