-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көрші ел көкжиегі

    12.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Саясат
    Көрші ел көкжиегі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Өзбекстанның Қазақ­стандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті. Онда екіжақты қатынас аясындағы өзекті мәселе­лер сөз болды. Екі тарап әлеуметтік-эконо­микалық және мәдени-гумани­тарлық бағыттағы бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асырудың мүмкіндіктерін талқылады.

    Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас тату көршілік және сенімділік сипатта жүзеге асуда. Осы орайда облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев екі ел өз алдына жоғары мақсаттар қойып, жақсы бастамаларда бір-бірін қолдап келе жатқанын айтты.
    – Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде артып келеді. Бүгінгі таңда облыстағы кәсіпорындар сүт, макарон және кондитерлік өнімдерін көрші елге экспорттап отыр. Егер біздің облыс өзбек диқан­дарынан ерте піскен көкөніс пен жеміс-жидек сатып алса, күзге қарай көрші ел біздің ауылшаруашылық өнімдерімізді тұтынуда. Азық-түлік кластерін ары қарай дамытуда өзбек бизнесмендерімен аймақтық бизнес-форум өткізуге дайынбыз, – деді Марат Елеусізұлы.
    Өз кезегінде Төтенше және Өкілетті Елші осыдан 6 жыл бұрын Алматы және Ташкент облыстары арасында келісімдер жүргізілгенін, қазір оны жаңарту қажеттілігі туындап отырғанын, бұл ретте Өзбекстанның басқа облыстары әкімдерімен де осыған ұқсас бірқатар іскерлік кездесулер өткізуге болатынын атап өтті.
    Кездесуде ауыл шаруашылығы, туризм, шағын және орта бизнес, экология, білім салалары бойынша қарым-қатынасты жоғары деңгейге жеткізу жайы сөз болды. Бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестиция тартудың тиімділігі айтылды. Облыс көлемінде жұмыс істеп жатқан өзбекстандық кәсіпорындар жайы да әңгіме арқауына айналды. Осыны ескерген Елші Өзбекстанда өтетін бизнес-форумға Алматы облысынан делегация жіберуді ұсынды.
    Марат Сұлтанғазиев Бахтиёр Ибрагимовті өңірді одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды. Өз кезегінде Өкілетті Елші өңір басшысының барлық бастамасын қолдайтынын жеткізді. Кездесу соңында тараптар сауда-саттықты одан әрі арттыру мақсатында бизнес-қоғамдастықтың кездесуін өткізуге келісті.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Мақсат – айқын, меже – биік

    Мақсат – айқын, меже – биік

    8 months ago
    «Асыл домбыра» иегері

    «Асыл домбыра» иегері

    6 months ago
    Көше атаулары өзгереді

    Көше атаулары өзгереді

    1 year ago

    Қонаевта 14,3 мың гектар жер пайдаланылмай жатқаны анықталды

    2 weeks ago
    Тұрғындардың жолға қатысты талап-тілегі тыңдалды

    Тұрғындардың жолға қатысты талап-тілегі тыңдалды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.