-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құқықтық кеңес берілді

    05.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Құқықтық кеңес берілді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мобильді топ азаматтарға құқықтық көмек көрсетті. Тұрғындармен осындағы Қарғалы №3 орта мектебінде өткен кездесуге облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері, аудандық білім бөлімі мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

    Азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында мобильді топ мүшелері тұрғындардың өтініш-тілек, ұсынысын тыңдады. Жиын барысында бірқатар мәселе көтеріліп, шешу жолдары сөз болды. Мәселен, ірі елдімекен – Қарғалыда әлі күнге дейін Мəдениет үйі мен спорт кешені жоқ екені айтылды. Оған аудан əкімінің орынбасары Əділбек Қамбарұлы толыққанды жауап беріп, аталған нысандардың салынуына қатысты істің мән-жайын түсіндірді. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының орын­далу барысына да тиянақты жауап берілді. Сондай-ақ Сүйінбай, Абай, Ә. Молдағұлова көшелерін жөндеу жұмыстары жəне мектеп жанына жол белгісін орнатуға қатысты сұрақтар қойылды.
    Тұрғындар бұдан басқа да бірқатар мәселені қозғады. Атап айтқанда, Самал көшесінің бойындағы 10 мың вольттық электр желісінің тұрғын үйлерге қосылуын тексеру, қараусыз қалған нысандарға инвентарлық түгендеу жүргізу, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кейбір түсінбеушілік, қаңғыбас иттерді аулау, кəмелеттік жасқа толмаған балалардың мопед жүргізуіне заңмен қарастырылған шара, қураған ағаш­тарды кесу төңірегіндегі сауалдарын жолдады. Қойылған сұрақтарға мекеме, бөлім басшылары мен лауазымды қызметкерлер жан-жақты әрі нақты жауап берді.
    Кездесуден кейін мобильді топ жиында көтерілген проблемалық орындарға барып, жағдайды көрді және сол бойынша құзырлы мекемелерге тиісінше тапсырмалар берілді. Бұл шарада ауылдың 40 шақты тұрғыны құқықтық тегін көмек алды. Мобильді топтың жұмысы өзге де елдімекенде жалғасты.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    2 years ago
    Талғардағы қайғылы оқиғаны тергеу барысынан хабардар етті

    Талғардағы қайғылы оқиғаны тергеу барысынан хабардар етті

    8 months ago
    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    7 months ago
    Алматыны іргелес аудандармен жалғайтын ЖРТ салу меморандумына қол қойылды

    Алматыны іргелес аудандармен жалғайтын ЖРТ салу меморандумына қол қойылды

    2 years ago
    Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

    Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>