-13 °c
Qonaev
Sunday, June 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Толғандырар мәселе көп

    06.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Толғандырар мәселе көп
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Іле ауданында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тұрғындар алдындағы есеп беру жиыны өтті. Онда аймақ басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды ортаға салды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған дамудың негізгі стратегиялық мақсаттарын аймақта іске асыру жұмыстары жалғасып жатқанын сөз етті.

    Облыс басшысы үлкен жиынды бастамай тұрып, қоғамдық қабылдау өткізді. Онда аудан тұрғындары ауылішілік жолдар мен облыстық маңызы бар тас жолдардың ескіріп кеткенін алға тартты. Жалпы аудан көлеміндегі облыстық жолдың ұзындығы 303 шақырым болса, республикалық маңызды жол 230 шақырым, ауылішілік жолдардың үлесі 815 шақырымды құрайды. Бұл ретте облыс басшысы жөндеуге жататын жолдардың алдағы уақытта қолға алынып, құрылыс жоспарына енгізілетінін айтты.
    Жиында ең алдымен Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің есебі тыңдалды. Одан кейін облыс әкімі аймақ көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңірек тоқталды. Биылғы есептік кезеңде ауыз толтырып айтатын жаңалықтар баршылық. Мысалы, Іле ауданы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 610,5 млдр теңгеден асқан. Тиісінше өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі 106,2 пайызды құраған. Жаңа жұмыс орындары ашылып, көп­теген кәсіп көздері іске қосылуда. Жоспарланып отырған инвестиция­лық жобалар да жетерлік. Мәселен, биылғы жылы «Gorilla Asia» жауапкерші­лігі шектеулі серіктестігінде алко­гольсіз сусындар, минералды сулар өндірісі іске қосылып, 8 млрд теңге инвестиция тартылды. Қосымша 170 жаңа жұмыс орны құрылды. Келер жылға өндіріс қуатын күшейту жоспарда бар. «GALANZ BOTTLERS» акционерлік қоғамының өндірістік және қойма алаңдары кеңейтілуде. 7 млрд 600 млн теңге инвестиция құйылуда, қосымша 470 адам жаңа жұмыс орнымен қам­тамасыз етіледі. «ТК Газоблок» жауап­кершілігі шек­теулі серіктестігінің құрылыс материалдары өндірісінің 3-зауыты ашылады, тартылатын ин­вестиция сомасы 20 млрд теңге, 100-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. «Фирма Бент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің рельстік бекіткіштер толық жиынтығының жаңа өндірісі кеңейтілуіне байланысты 2 млрд теңге инвестиция тартылып, 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 610,5 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,2 пайызға жеткен.
    Облыс әкімі атқарылған жұмыстар мен жүзеге асқан жобалардың жібін тарқатып, слайд арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Экрандағы цифрларға көңіл бөлсек, өнеркәсіп саласында 8 ірі, 20 орта және 6 жүйе құраушы кәсіпорын құрылған. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 20 мыңнан асып, жұмыспен қамтылғандар саны 49 000 адамға жеткен. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында ауданда 74 жоспар іске асырылып, 596 жұмыс орны құрылған. Қысқы мал азығы мен күзгі егін жинау науқаны жоспарға сай орындалған.
    Әкімнің есеп беруінен кейін тұрғындар көкейкесті сұрақтарын қойды. Бір топ Қарой ауылының тұрғындары «Сібір жарасы» санитарлық аймағының Қарой ауылдық округінің нақты қай жерінде белгіленгенін біле алмай жүргендерін алға тартып, осыны анықтап беруді сұрады. Олардың айтуынша, Қарой ауылдық округінде бірнеше жер санитарлық қауіпті аймақ деп танылған, сонау 1960 жылдары көмілген ауру малдардың қай жерде жатқаны картада көрсетілмеген.
    Жиында тұрғындар ауыларалық қоғамдық көліктің тым ескіргенін, №301, 303, 305 маршруттар санының аздығы мен жиі бұзылып қалатынын айтты. Соның салдарынан ауыл тұрғындары барар жеріне дер кезінде жете алмаса, студенттер мен мектеп оқушылары сабақтарынан кешігуде. Бұдан басқа да аудан көлемінде жүріп жатқан қоғамдық көліктердің көбінің сапасы сын көтермейді. Қоғам белсенділері тарапынан да осы сынды бірқатар мәселе көтерілді. Облыс басшылығы барлық ұсыныс-пікірлер ескеріліп, тиісті шешім шығарылатынын алға тартты.
    Есеп беру жиыны аяқталғаннан кейін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Ақсу ауылдық округіндегі кәсіпорындарды аралады. Одан кейін күрделі жөндеуден өткен Екпіндідегі №2 орта мектептің жай-күйімен танысты. Қазіргі уақытта 464 орынды мектепте 1446 бала білім алып жатыр. Демек, ауылдағы үшауысымды оқыту мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Облыс әкімі үшауысымды оқыту жайы кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, мердігер «Азаматқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мектептің құрылысын дәл уақытында аяқтағаны үшін алғысын білдірді.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Халық саны 20 миллионға жетті

    Халық саны 20 миллионға жетті

    2 years ago
    Ворошилов су қоймасына Алматыдан көмекке құтқарушылар келді

    Ворошилов су қоймасына Алматыдан көмекке құтқарушылар келді

    1 year ago
    «Науқастармен жұмыс істеу үшін жауапкершілік пен кәсіби шеберлік қажет»

    «Науқастармен жұмыс істеу үшін жауапкершілік пен кәсіби шеберлік қажет»

    2 years ago
    «Транс Қапшағай 2023» халықаралық желкенді қайық регатасы аяқталды

    «Транс Қапшағай 2023» халықаралық желкенді қайық регатасы аяқталды

    2 years ago
    Жазушы мұражайы қайта жаңғырды

    Жазушы мұражайы қайта жаңғырды

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>