-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ортақ міндет

    07.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Ортақ міндет

    SONY DSC

    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Биыл елімізде жергілікті мәслихаттар мерейтойын атап өтуде. Өкілетті органның құрылғанына – 30 жыл. 1994 жылдан бастап жергілікті мәслихаттар атқарушы билікпен бірлесе қоғам өміріндегі түрлі мәселені шешуге атсалысып келеді. Осы уақыт ішінде депутаттар көптеген бастама көтеріп, оның орындалуына ықпал етті.

    Осыған орай, Мәдениет үйінде Кеген аудандық мәслихатының 30 жылдық мерейтойына арналған сессия өтті. Айтулы шара бейнекөрсетілімнен басталып, Мемлекеттік Гимн орындалды. Мерекелік жиынға мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
    Жиында аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман мәслихаттың тарихына, қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, барлық шақырылымда өндіріс, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының көрнекті өкілдері депутат болып сайланғанын, олар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еселі еңбек еткенін атап өтті.
    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев жиналған қауымды Қазақстан мәслихат­тарының 30 жылдығымен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.
    – Кеген өңірі қайта түлеп, еңсе көтергенде де, депутаттық корпус өзінің саяси белсенділігі мен жауапкершілігін көрсете білді. Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек» деген қанатты сөзі бар. Бұл ретте Кеген аудандық мәслихатының да қоғамдағы рөлі жоғары. Сіздер өңірдің дамуына үлес қосып келесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдарға елмен, түрлі қоғамдық ұйымдармен диалог орнатып, халықтың мұң-мұқтажын бірлесе шешуді тапсырды. Бұл – сіз бен біздің ортақ міндетіміз.
    Бүгінде жергілікті мәслихатта 11 депутаттың арасында ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық және өзге салалардың өкілдері бар. Өңірдегі 30 мыңға жуық халықтың, 18 мыңнан астам сайлаушының сенімін ақтау – үлкен жауапкершілік, – деді ол.
    Облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат  Байғожаев 30 жылда мәслихаттар ықпалды билік органына айналғанын атап өтті.
    – Сіздердің қызметтеріңіз әр тұрғынның аманатын арқалап, мәселелерге қатысты шешімдер қабылдаудан бастап, түрлі әлеуметтік, экономикалық, саяси салаларда маңызға ие. Қаншама сындарлы шақта мәслихаттың барлық буыны өздерін көрсете білді. Жер-жердегі әріптестеріміз халық пен атқарушы билік арасында көпір болып, әр алуан елдік жобалардың жүзеге асуына жол ашты, – дей келе, Қуат Байғожаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін қоғам қайраткерлері мен мәслихат депутаттарына Парламент Сенаты төрағасының Алғыс хатын, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасын және «Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл» мерейтойлық төсбелгілерін табыс етті.
    Осылайша, мәслихаттар мерейі тасыған күн болып, салтанатты жиынның соңы аудан көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Денсаулық сақтау мекемелеріне жаңа көліктер табысталды

    Денсаулық сақтау мекемелеріне жаңа көліктер табысталды

    2 years ago
    Елімізде онлайн платформалар қызметі реттелмек

    Елімізде онлайн платформалар қызметі реттелмек

    2 years ago
    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    1 year ago
    Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

    Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

    2 years ago
    Саяжайда – жаңа мектеп!

    Саяжайда – жаңа мектеп!

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>