-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас ұландар жарысы

    10.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Жас ұландар жарысы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Ұлт аманатын арқалаған жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу – маңызды іс. Осыны басты назарға алған ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің басшылығы орта білім шаңырақтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, ықпалдаса жұмыс істеуді жолға қойған. Аталған департаменттің оқу базасында алғаш рет өткен «Жас шекарашы» әскери-патриоттық эстафетасы – соның айқын дәлелі.

    Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №12 орта мектептің 10-11-сынып оқушылары арасындағы сайысқа департамент бастығы, полковник А.Каюпов бастаған мәртебелі қонақтар қатысты. Еліміздің Әнұранымен басталған шарада алғашқы сөз тізгінін алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым қазіргі уақытта әскери-патриоттық тәрбиеге қатысты жаңа заң жобасы жазылып жатқанын, ол жыл соңына дейін қабылданатынын тілге тиек етті. «Осы жобаға сәйкес бүгінге дейін еліміздегі мектептерде «Жас шекарашы», «Жас сарбаз» сияқты әскери-патриоттық сыныптар ашылып, оқушылар әскери дайындықтарын шыңдауда», – деп депутат жас патриоттарға сәттілік тіледі.
    – Осындай сайыстар жастардың әскери мамандыққа деген көзқарасын өзгертеді. Олар әскердегі ағаларына қарап сап түзейді. Сондықтан бүгінгі шараның маңызы зор, – деп «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-лейтенант Б.Сәрсеков сөзін түйіндеді. Бұдан әрі өз мектептерінің намысын қорғауға тас-түйін болып келген командалар дайындаған сахналық көріністер шекарашылар назарына ұсынылды.
    Жиналған көпшілік ҚР ҰҚК Шекара қызметінің кинологтары машықтандырған із кесуші иттердің өнеріне тәнті болды. Кинологтардың шеберлік дәрісі аяқталған соң, кезек Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобына берілді. Сайыпқырандардың самдағайлығы болашақ Отан қорғаушылардың делебесін қоздырды.
    Кезек эстафетаға да келіп жетті. Атап айтар болсақ, командалар қаруды шашып, қайта жинау, 25 метрлік қашықтыққа газтұмылдырықпен және оқ өтпейтін сауытпен жүгіру, жаралыға алғашқы медициналық көмек көрсету, қиын өткелдерден өту арқылы қарудан нысанаға дәл тигізу, белтемірге тартылу секілді күрделі жаттығуларды орындады.
    Жарыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Рахым Сәрсенбин атындағы №192 орта мектеп командасы иеленді. І орынды №174 мектеп-гимназиясы, ІІ орынды №208 орта мектеп жеңіп алса, ІІІ орын №187 білім шаңырағының қанжығасына байланды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.
    Тартысты өткен сайыс жас ұландардың әскери дайындықтары мықты екенін дәлелдеді. Отан деп бұлқынған патриоттардың өсіп келе жатқанын білдірді.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
    ҚР ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

    Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

    10 months ago
    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    Білім беруде өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы – болашақтың бағдары

    1 year ago
    Алматы облысы Қытайдың Шыңжаң аймағымен меморандумға отырды

    Алматы облысы Қытайдың Шыңжаң аймағымен меморандумға отырды

    2 years ago
    Тұрғындар белсенділік танытты

    Тұрғындар белсенділік танытты

    1 year ago
    Заречныйдағы темірбетон зауыты басшылығы: Өндірісті кеңейтуге энергия қажет

    Заречныйдағы темірбетон зауыты басшылығы: Өндірісті кеңейтуге энергия қажет

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>