⛅
-22°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көкпардың көркін қыздырды

    20.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Көкпардың көркін қыздырды
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

         Еңбекшіқазақ ауданы ­Қаракемер ауылында Тәуелсіздік күніне орай көкпар өтті.

    Ұлттық спорт эстафеталық әдіспен жылына екі рет ұйымдастырылады. Көктемгі жарыс қаһарлы қыстан аман шыққан халыққа сауын айтып, жаймашуақ жыл басы – Наурыз тойына орайластырылса, қысқы жарыс ел егемендігі үшін ызғарлы желтоқсанда қыршын кеткен жастарды еске алып, Тәуелсіздік күнінде өткізіледі.
    Биыл да ақсақалдар мен атқа қонған азаматтар, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары бұл дәстүрден жаңылмады. Алдыңғы көкпар Жаңатұрмыс ауылында өтсе, бұл жолғы жарыс Қаракемерде жалғасты. Облыстың әр өңірінен жиналған жұрт Желтоқсан құрбандарын еске алып, қыршын кеткен боздақтарға Құран бағыштады. Ақсақалдар жастарға бата беріп, алдағы ойынға сәттілік тіледі. Аудан әкімінің орынбасары Қуат Қарабайұлы сөз сөйлеп, көкпарды ұйымдастыруға атсалысқан халыққа, шабандоздар мен «Арғымақ көкпар» федерациясына алғыс білдірді.
    Жарысқа Еңбекшіқазақ ауданының ғана емес, Кеген, Іле, Жамбыл, Талғар, Қарасайдан да кіл мықтылар келіп, көкпардың көркін қыздырды. Аттың құлағында ойнаған жігіттер кең даланы дүбірге бөлеп, елдің делебесін қоздырып, жиналған жұртты рухтандырды.
    Көкпар – жай ойын емес, кезінде көшпелі халық үшін әскери машық болғанын ескерсек, бұл – жігіттің сыны, елдің намысы екені сөзсіз. Қол қайраты, тақым күші, батылдығы мен ептілігі асқан, тәжірибелі балуандар мықтылығын танытып, семіз серкені шеңберге бір емес, бірнеше рет салып, көзге түсті. Салым салғандар марапатталып, ақшалай сыйлық табысталды. Еңбекшіқазақ, Кеген, Қарасай аудандарының көкпаршылары көптен озып, жүлделі орындарға ие болды.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жамбыл ауданында «Таза орта-ұлт болашағының кепілі!» атты ақпараттық-ағартушылық іс-шарасы өтті

    Жамбыл ауданында «Таза орта-ұлт болашағының кепілі!» атты ақпараттық-ағартушылық іс-шарасы өтті

    2 months ago
    Кітап – сарқылмас  қазына

    Кітап – сарқылмас қазына

    1 year ago
    Жастарды қолдау – елдің болашағына жол ашады

    Жастарды қолдау – елдің болашағына жол ашады

    2 years ago
    Цифрлық дамуға жол ашады

    Цифрлық дамуға жол ашады

    1 month ago
    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін субсидия қашан төленеді?

    «Ауыл Аманаты» бағдарламасы шеңберінде берілетін микрокредиттің ең көп сомасы қандай?

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>