Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу құрметіне салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға ҚАЖ ардагерлері, департаментке қарасты мекеме және пробация қызметкерлері шақырылды.
Іс-шара еліміздің әнұранын орындаудан басталып, қайтыс болған соғыс батырларын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар №12 мекемеде орналасқан қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Департамент бастығы Игілік Хасенов ҚАЖ ардагерлері мен қызметкерлерді құттықтап, қызметте ерекше көзге түскен 80-нен астам қызметкерді марапаттады.
«Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні бұл мерекелер бірінші кезекте өз Отанымызға және қызметімізге адалдықты тәрбиелейді. Отан қорғаушылар жасаған игі істер мәңгілік және уақыт өте келе жойылмайды», – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.
Мерекелік іс-шара салтанатты концерттік бағдарламамен жалғасты. Қызметкерлер Отан соғысының үзінділерін көрсетіп, сондай-ақ әскери әндерді орындады.
Alatau News