Алматы облысы әкімінің өкімімен Аманжол Кеңесбайұлы Абдрахманов облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аманжол Кеңесбайұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1998 жылы Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғарғы мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы Ішкі істер басқармасының қызметкері болып бастаған.
Әр жылдары:
• Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің тіркеушісі;
• Астана қаласы Есіл ауданы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» директорының орынбасары, кейіннен директоры;
• Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры;
• Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Алматы облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы директорының орынбасары, сосын директоры;
• «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменті директорының орынбасары;
• Алматы қаласы Әділет департаменті қаржы және материалдық-техникалық бөлімінің бас маманы, департамент басшысының орынбасары;
• Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының Әділет департаментінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2022 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
Alatau News