-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа оқу жылы басталды

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2025 жылғы жаңа оқу кезеңі басталды

    13.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Қорғаныс
    Жаңа оқу жылы басталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    «Қазақстан Республикасының Президенті – ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі» жаңа оқу жылында әскери қызметшілермен өткізілген алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағының басты тақырыбына айналды.

    Қолбасшылық басқармасының офицерлерімен, сондай-ақ 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және сарбаздармен алғашқы тәрбиелік сабақты Астанадан анайы келген Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы  генерал-майор Қайрат Үмбетов жүргізді. Сабақ барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 2025 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті. Сондай-ақ құқықтық тәртіп әскеріндегі тәрбие және ақпараттық–имидждік жұмыстардың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

    – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының негізгі талаптарының бірі – заңдылық пен тәртіп. Ұлттық ұлан әскерінде құқық бұзушылыққа жол жоқ! Барлығымыз ең бірінші кезекте сарбаздардың денсаулығы мен амандығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл әскер басшылығының талабы, Мемлект басшысы Қ. Тоқаев өзінің Жолдауында ерекше назар аударды, – деді Қайрат Жарылқасынұлы.

    Сонымен қатар, Ұлттық ұлан әскерінің еліміздің өркендеуі, һәм тыныштығы жолындағы қосқан үлесін тілге тиек етті.

    Алғашқы тәрбиелік сағаттан кейін саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша сабақтарға тарасты.

    Сабақтар барысында жеке құрамға қызметтік-жауынгерлік әрекеттердің барлық бағыттары бойынша арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

    Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұландықтардың алдында көптеген атқарылар жауапты міндеттер тұр. Ағымдағы жылы атқарар қызметтеріңізге тек толағай табыстар тілейміз!

    «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының

    баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Министр: 36 апталық оқу мерзіміне мұқият дайындық қажет

    Министр: 36 апталық оқу мерзіміне мұқият дайындық қажет

    2 years ago
    Офицердің ерлігі

    Офицердің ерлігі

    1 year ago
    Маңызды қадам

    Маңызды қадам

    9 months ago
    Президент  бастамалары  қоғамға қозғау  салуда

    Президент бастамалары қоғамға қозғау салуда

    1 year ago
    Малы саудың – жаны сау

    Малы саудың – жаны сау

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>