-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұйым жұмысы жанданып келеді

    20.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ұйым жұмысы жанданып келеді
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

           Өткен жыл «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Алматы облыстық филиалы үшін жемісті жылдың бірі болды. Филиал жанынан «Алатау жастары» ұйымы мен «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі құрылды.

    Жыл басында облыстық ардагерлер ұйымының отырысы өтті. Жиынға облыстық ардагерлер ұйымының президиумының 12 мүшесі және Жетісу облысынан Кербұлақ аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Бөкен Рысбеков қатысты.
    Президиумның күн тәртібінде бастауыш ұйымдардың рөлін арттыру, ауыспалы «Аялы әже» символын Жетісу облысына ресми түрде тап­сыру, «Алатау ардагері» газетіне жазылу мәселелері қаралды. Кербұлақ аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Бөкен Рысбековке «Аялы әже» символы эстафетасы тапсырылды. Барлық аудандық, қалалық ұйымдарда пленум, президиум отырыстарын өткізіп, әрбір мереке күндеріне орай іс-шаралар бекітті.
    Шонжы ауылындағы Мәдениет үйінде Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы, соғыс ардагері Алым Кебиров ақсақалдың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. Онда ардагер туралы театрландырылған көрініс қойылды. Аудан әкімі Бота Серікқызы ардагерді құттықтап, иығына шапан жауып, демеушілер көмегімен су жаңа көлік мінгізді. «Алматы облысының Құрметті ардагері» төсбелгісі табыс етілді.
    Ақпан айында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай барлық ауданда ардагерлердің қатысуымен ескерткіш­терге гүл шоқтары қойылды. Сонымен қатар ардагерлер ұйымының кезекті отырысы өткізілді. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты таныстырылып, бүгінгі күні мемлекетіміздің жеткен жетістігі, әлеуметтік-экономикалық өсу барысы, ішкі және сыртқы саясаты талқыланды.
    Алғыс айту күніне орай аудандық, қалалық ардагерлер ұйымының, аналар кеңесінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар өтті. Онда этнос өкілдері қазақ елінің қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін паш етіп, алғыстарын жеткізді.
    Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округінің «Парасат» ансамблі 4-6 наурыз аралығында Қызылорда облысы Шиелі ауданында өткен «Әжелер салған ән қандай!» атты республикалық әжелер ансамбльдерінің байқауына барып, 3-орынға ие болып қайтты.
    Сәуір айында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің Алматы облыстық филиалы мен «Алатау жастары» ұйымы өкілдерінің қатысуымен «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!», «Біз біргеміз!» атты облыстық форум өтті. Форумның негізгі мақсаты – жастар­дың қоғамдағы белсенділігін арттыру, патриоттыққа баулу, ата-бабала­рымыз­дан қалған асыл мұра – тіліміз бен салт-дәстүрімізді насихаттау.
    Қарттарға қамқорлық – халқымыз­дың дәстүрінде дәріптеліп, салты мен санасына берік орныққан қасиет. Осы орайда Кеген ауданының әкімі 7 ардагердің «Жаркент-Арасан» шипажайына барып, демалып қайтуына ықпал етті.
    Жеңістің 79 жылдығына орай Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы барып, Отан соғысының ардагері Федор Ковалевті құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, сыйлығын табыстады. Сонымен қатар Қонаев қаласы мен Қарасай, Іле, Ұйғыр, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарындағы Отан соғысы ардагерлеріне құттықтаулар мен сыйлықтар табысталды.
    31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай әр ауданда Құран бағышталды. Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында саяси қуғын-сүргін құрбан­дарына орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Сонымен қатар аудандық кітапханада «дөңгелек үстел» форматында басқосу өтті.
    Райымбек ауданы Қарқара жайлауында «Қымызмұрындық – 2024» және «Жолан жүйрігі» ат бәйгесі, ардагерлер арасында «Баталы ел көгерер» байқауы, «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өткізілді. Байқауға қатысқан батагөй аталар мен өнерлі әжелерге ақшалай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.
    Талғар қалалық Мәдениет үйінде ардагерлер арасында көркемөнерпаз­дар фестивалі мен салауатты өмір сал­тын насихаттау бойынша іс-шара­лар ұйымдастырылды. Шәмші Қалдаяқов және Әсет Бейсеуовтің әндерін орындаудан «Қос жұлдыз» фестивалі өтті. Өнер сайысына облысқа қарасты 9 аудан мен 1 қаладан 10 команда қатысып, сахнада барлығы 60 қария өнерлерін ортаға салды. Аталмаш іс-шарада қазыналы қарияларымыз ән шырқап, көркем сөз оқып, өз өнерлерін паш етті. Шахмат және дойбы жарысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапат­талды.
    Қыркүйек айында Қонаев қаласын­да ардагерлер ұйымының пленумы өтті. Жиында Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Беспаевты құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтіп, ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Б.Оралбаев сайланды. Сонымен қатар, пленумда АЭС салу мәселесі мен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды.
    Халықаралық қарттар күніне орай аудан-қалаларда түрлі шара өткізіліп, қарияларға құрмет көрсетілді. Ардагерлеріміздің қоғамдағы орны мен маңызы, өнегелі өмір жолы насихатталды.
    Қазан айында барлық ауданда ардагерлер мен аналардың жиыны өтті. Күн тәртібінде «Алатау жастары» ұйымының жұмысы, «Асыл ана» қоғамдық бірлестігін құру жайы қаралды.
    Іле, Жамбыл, Ұйғыр, Кеген, Қарасай, Талғар аудандарында арда­гер­­лердің ұйытқы болуымен нашақор­лық, лудомания, діни фанатизм, терроризмнің алдын алуға қатысты іс-шаралар ұйымдастырылды. Жастарға ішімдік ішу, шылым шегу, есірткі тұтыну сынды зиянды әдеттердің қауіптілігі туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, имамдардың қаты­суымен «Қоғам­ға қызмет – ізгі қасиет», «Дін және мәдениет», «Діні беріктің діңгегі бұзылмас», «Дәстүр мен дін» тақырып­тарында мектеп оқушылары, колледж студенттері арасында кездесу­лер, «дөңгелек үстелдер» өткізілді.
    Жылды қорытындылау мақсатында Қонаев қаласында облыстық арда­герлер ұйымының есеп беру жиыны өтті. Аталған іс-шараға қала, аудан, округ бойынша ардагерлер кеңесінің және «Алатау жастары» ұйымдарының төрағалары, «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымдары қатысты. Онда ардагерлердің атқарып жатқан жұмысы сараланды. Жиын соңында жыл бойы жемісті еңбек еткен «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі мен ардагерлер ұйымдарының төрағалары марапатталды.
    Желтоқсан айында «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің жұмысын жандандыру жөнінде семинар өтті. Онда бірқатар мәселе талқыланып, аудандық, қалалық «Асыл ана» қоғам­дық бірлестігінің төрайымдарына тапсырмалар берілді.

    Ерболат Тұрымбетов,
    «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы

    Ұсынымдар

    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    2 years ago
    Бәсі бөлек басылым

    Бәсі бөлек басылым

    7 months ago
    123 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салынды

    Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы екпе алды

    7 months ago
    Алматы облысында 316 адам деструктивті діни ағымнан шығарылды

    Алматы облысында 316 адам деструктивті діни ағымнан шығарылды

    2 years ago
    ҚазҰУ-де өткен маңызды форум: жаңалықтар мен инновациялар

    ҚазҰУ-де өткен маңызды форум: жаңалықтар мен инновациялар

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>