-13 °c
Qonaev
Sunday, June 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тиімділігі зор жоба

    20.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Тиімділігі зор жоба
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қытайлық «Xinjiang Yihongfeng Energy Technology Co., Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесті. Онда екі тарап жылу сақтайтын және коррозияға қарсы құбырлар өндіретін зауыт құрылысының жобасын іске асыру жайын талқылады.

    Ең алдымен аймақ басшысы қытайлық компания өкілдеріне өңірдің инвестициялық тартымдылығын айтып, ҚХР мен облыс арасында экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға қолайлы серіктестік қатынас қалыптасқанын атап өтті. Марат Елеусізұлы сондай-ақ облыста туризм, ауыл шаруашылығы және құрылыс секторларын белсенді дамытуға бағытталған инвестициялар екі тарапқа өзара тиімді ынтымақтастық үшін кең мүмкіндік беретінін жеткізді.
    Өз кезегінде «Xinjiang Yihongfeng Energy Technology Co., Ltd» компаниясының бас директоры Ши Лэй кәсіпорынның нақты жағдайы мен мүмкіндігін баяндады. Оның сөзінше, кәсіпорын қытайдағы Іле-Қазақ автономиялық облысының елімізбен шекаралас Қорғас ауданына ірге тепкен. 2002 жылы құрылған кәсіпорын жылу сақтайтын және ауызсу, кәріз сулары мен сұйытылған газды тасымалдауға арналған құбыр өндіреді. Қазір аталған кәсіпорын жылына 10 мың тонна құбыр өндіруге қауқарлы. Компания жетекшісі облыс басшысына өз инвестициялық жобасы жайлы да айтып берді.
    – Біз Алматы облысында жылына 130 мың тонна құбыр өндіретін зауыт салуды көздеп отырмыз. Жобаны жүзеге асыруға 139 млн доллар қаржы салмақпыз. Бұл экологиялық ортаға еш залалсыз өндіріс саналады. Жоба жүзеге асса, 150 адам тұрақты жұмыспен қымтылады. Сонымен қоса, қызмет өтеу мен тасымалдау жұмыстарына білікті мамандарды тартамыз. Әрине, бұл ауқымды жоба жергілікті әкімдіктің және өзге де құзырлы органдардың қолдауымен ғана жүзеге асады деп сенеміз, – деді компанияның бас директоры Ши Лэй.
    Шетелдік компанияның мүмкіндігінен хабардар болған облыс әкімі инвестициялық жобаның тиімділігіне баса назар аударатынын айтты.
    – Бүгінде Алатау және Қонаев қалаларының Бас жоспарына сәйкес, бізде көптеген әлеуметтік және коммерциялық нысандар бой көтермек. Осыған сай жаңа инфрақұрылым салумен ескісін жаңғырту жұмысы жалғасын табады. Сондықтан бізге сапалы құбылар аса қажет. Облысымызда бірнеше индустриялық аймақ бар. Соларды дамыту негізінде сіздер ұсынған инвестициялық жобаны жан-жақты саралайтын боламыз, – деді Марат Елеусізұлы.
    Кездесу соңында «Xinjiang Yihongfeng Energy Technology Co., Ltd» мен «Аlatau» арнайы экономикалық аймағы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ал қытайлық компания өкілдері облыс әкімі мен сала мамандарын өз өндіріс желілерімен танысуға шақырды.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Оқушымыз озық шықты

    Оқушымыз озық шықты

    11 months ago
    Маңызды қадам

    Маңызды қадам

    4 months ago
    Ұлттық ойынның үздіктері марапатталды

    Ұлттық ойынның үздіктері марапатталды

    1 year ago
    Жеңіске деген жігер

    Жеңіске деген жігер

    2 months ago
    Ала доп аламаны

    Ала доп аламаны

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>