⛅
18°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Малы саудың – жаны сау

    21.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Малы саудың – жаны сау
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Бруцеллез – адам мен жануарларда кездесетін инфекциялық ауру. Бұл ауру негізінен малдардан жұғады және оларды тексеру мен емдеуді уақытында жүргізбеген жағдайда ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе қой, ешкі, ірі қара және шошқаларда жиі кездеседі. Ауруды адамға тасымалдайтын инфекция қоздырғышы – Brucella бактериялары.

    Бруцеллездің негізгі таралу жолы – жануарлардан адамға тікелей немесе жанама жолмен жұғуы. Бактериялар жануарлардың сүті, еті, терісі, сондай-ақ қанымен және жыныстық жолмен бөлінетін сұйықтықтар арқылы тарайды. Әсіресе, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар, мал ұстайтын шаруалар мен ет өңдеушілер инфекцияны жұқтыруы мүмкін.
    Жануарларда аурудың белгілері әртүрлі болады. Көбінесе төлдеу қабілетінің төмендеуі, малдардың жүдеуіне және жалпы әлсіздікке алып келеді. Бұдан бөлек, бруцеллез жұққан малдарда дене қызуының көтерілуі, артрит және ішек аурулары да жиі кездеседі.
    Адамдардағы бруцеллез белгілері тұмау тәрізді басталады. Қызба, тершеңдік, әлсіздік, бас ауруы және бұлшық еттерінің ауырсынуы байқалады. Бұл инфекция созылмалы түрге өтіп, түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. Сүйектер мен буындардың қабынуы, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы жүйке жүйесін зақымдайды.
    Бруцеллезге қарсы күресте алдын алу шараларының маңызы зор. Жануарларды тексеру, вакцинациялау және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау – негізгі профилактикалық шаралар болып саналады. Сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерін тұтынғанда олардың толық термиялық өңдеуден өткеніне көз жеткізу қажет.
    Ауыл шаруашылығында малдарды бақылап, оларды жүйелі түрде тексеріп, қажетті ем-домдарды уақытында көрсету бруцеллездің таралуын айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

    Гүлсім ТОҒЫСБАЙ,
    Қонаев қаласының ветеринариялық бөлім дәрігері

    Соңғы жаңалықтар

    Жаңаарнада жаңа медициналық нысан ашылды
    20.04.2026
    Талапкерлер үшін жаңа мүмкіндік
    20.04.2026
    Алматы облысында орман қоры ұлғайып келеді
    20.04.2026
    Кәсіпкер мәселесі талқыланды
    20.04.2026
    Туристік өлке төрінде
    20.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>