-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шаруаларға шынайы көмек

    29.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Шаруаларға шынайы көмек
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Шалғайдағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламаның бірі – «Ауыл аманаты». Аталған жоба аясында біреулер жаңадан кәсіп бастап жатса, енді біреулер кәсібін кеңейтіп, табысын арттыруға мүмкіндік алды. Мұндай мүмкіндікке ие болған жерлестеріміз жайлы жақынырақ білу үшін «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұйымдастырған пресс-турмен Саймасай ауылына арнайы бардық.

    Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылының аумағында орналасқан «Rancho Assorti» ауылшаруашылық кооперативі бүгінде бөдене өсірумен айналысады. Бастапқыда жеке кәсіпкер Абыл Ақынов құс фермасын ашудың пайдасы мен қиындығын жан-жақты зерттеп, 400 бөденені балапанымен әкеліп, шағын істі қолға алады. Кейін «Ауыл аманаты» бағдарламасы жайлы жергілікті әкімдіктен біліп, мемлекеттің қолдауымен кәсібін кеңейтіп, кооператив құрады.
    Мемлекеттен 2,5 пайызбен 29 млн теңге қаржы алып, оған инкубатор, брудер, вентилятор, генератор, тоңазытқыш, вакууматор, құстарды сою және тазалау жүйесі сынды бөдене фермасына қажетті құрал-жабдықты түгел алған кооператив бүгінде еңбектің жемісін көріп отыр.
    «Әр істің берекесі бар. Тек ерінбей, кәсіптің көзін тауып, соны жолға қою керек. Бөдене шаруашылығында бүгінде біраз тәжірибе жинақтап қалдық», – деген кооператив жетекшісі Абыл Ақынов фермада жылу жүйесі, вентиляция, құстардың жем-суын беру мен орындарын тазалау да автоматтандырылғанын айтады.
    Бүгінде шаруашылықта бес мыңға жуық бөдене бар. Бір құс айына 25 шақты жұмыртқа туады. Мамандар бұл өнімділік Қонаев қаласында орналасқан «Алель Агро» зауытында дайындалатын арнайы жемнің нәтижесі екенін айтты. Құс басын арттыру үшін инкубаторда жұмыртқадан бала­пан шығарып отыр. 17 күн инку­бациядан кейін жаңа шыққан балапан үш апта арнайы жасал­ған жылы ұяшықта болады. Одан соң үлкен бөденелердің қатарына қосылып, жұмыртқалай бастайды. «Rancho Assorti» ауылшаруашылық кооперативі басымдықты ет өндіру ісіне қойып отыр. Мұнда айына 300-400 кг ет шығарылады. Ол өнім мейрамханаларға жөнелтіледі.
    «Алматы облысына «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жыл­дың мамыр айында 8,5 млрд теңге бөлінді. Ол қаражат түгелдей игеріліп, былтыр желтоқсан айын­да қосымша тағы 2,5 млрд теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге 186 жоба қаржыландырылып, жұмысын жасап жатыр», – деген «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­по­рациясы» АҚ-ның PR-менеджері Руслан Ескендір бағдарлама аясында ауыл тұрғындары 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиені 5-7 жылға ала алатынын, ол қаржыға мал, құс, жылыжай, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге қажетті құрал-жабдық сатып алуға болатынын жеткізді. Биыл аталған бағдарламамен өз кәсібін бастаушы кәсіпкерлерге берілетін максималды қаражат 9,8 млн теңгені құраса, ауылшаруашылық кооперативтері 31,5 млн теңгеге дейінгі қаржыны жеңілдікпен ала алады.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    8 months ago
    Ұлы Дала төсіндегі бәйге дәстүрі: Қонаевта өткен алқалы жиын

    Ұлы Дала төсіндегі бәйге дәстүрі: Қонаевта өткен алқалы жиын

    3 months ago
    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек

    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек

    8 months ago
    Адам саудасы алаңдатады

    Адам саудасы алаңдатады

    10 months ago
    Ерекше трактор арқылы дауыс беруге шақырды

    Ерекше трактор арқылы дауыс беруге шақырды

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.