-13 °c
Qonaev
Thursday, June 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жауынгерлік жол – ұрпаққа үлгі: Ауған соғысының батырлары әскери бөлімде

    12.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жауынгерлік жол – ұрпаққа үлгі: Ауған соғысының батырлары әскери бөлімде
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

    Алматы облысы Алатау қаласы Заречный ықшам ауданындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 3660 әскери бөлімінде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

    Әскери бөлімнің жеке құрамы сап түзеп, құрметті қонақтарды салтанатты түрде қарсы алды. Іс-шара барысында бөлім командирі подполковник Ерлік Оспанқұлов ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ерліктерін қазіргі ұрпақ ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.

    Ауған соғысының ардагерлері – полковник Скендер Балтабеков пен полковник Геннадий Фалеев жас сарбаздармен ашық сұхбат өткізіп, өздерінің әскери қызмет жолындағы қиындықтары мен жауынгерлік тәжірибелері туралы баяндады.

    – Ауғанстан – біздің жастық шағымыздың ауыр кезеңі болды. Ол жерде біз тек соғысып қоймай, нағыз бауырластықтың не екенін түсіндік. Қанша қиындық көрдік, бірақ Отан алдындағы борышымызды адал орындадық, – дейді ардагер Скендер Балтабеков.

    Кездесу барысында әскери қызметшілер ардагерлерге қызықты сұрақтар қойды. Әңгіме барысында олар Ауған соғысының тактикалық ерекшеліктері, жауынгерлік рух, әскери дайындық және бауырластық туралы маңызды ақпарат алды.

    – Бүгінгі кездесу біз үшін өте маңызды болды. Біз кітаптан оқыған тарихты көзбе-көз естідік. Бұл бізге әскери қызметтің қаншалықты жауапты екенін тағы бір рет ұқтырды, – дейді жас сарбаздардың бірі қатардағы Ринат Мусагулов.

    Кездесу соңында ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, иықтарына дәстүрдің нышаны саналатын шапан жабылды. Бұл – ерлік пен батырлықтың белгісі ретінде берілген сый-құрмет еді. Қан майданда қайсарлық танытқан жауынгерлерге шапан кигізу – олардың еңбегіне деген халықтың алғысы мен құрметінің айқын көрінісі.

    Шапан жамылған ардагерлердің жүзінен шынайы ризашылық пен мақтаныш сезімі байқалды. Бұл сәт ұрпақтар сабақтастығының, жауынгерлік рух пен батырлықтың мәңгілік екенін дәлелдеген айрықша көрініс болды.

    Осындай шаралар жауынгерлік дәстүрді нығайтып, әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Ауған соғысының ардагерлері ел тарихының куәгерлері, олардың ерлігі мен тәжірибесі болашақ ұрпақ үшін мәңгілік өнеге болып қала береді.

    Әлия Әбдіғалиева,

    3660 әскери бөлімінің лейтенанты

    Ұсынымдар

    Құрылыс қарқын алады

    Құрылыс қарқын алады

    7 months ago
    Энергия тапшылығы сезілуде

    Халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдайды – БАҚ мониторингінің нәтижелері

    9 months ago
    Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

    Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

    1 year ago
    Көрші ел көкжиегі

    Көрші ел көкжиегі

    8 months ago
    Діни ақпаратқа мұқият болайық!

    Діни ақпаратқа мұқият болайық!

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>