-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ардагерлер – ел ұйытқысы

    12.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ардагерлер – ел ұйытқысы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          «Есіктің алды қыр болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қарт болса, жазулы тұрған хатпен тең» демекші, қоғам өмірінде көпті көрген қариялар мен ақсақалдар кеңесі үлкен рөл атқарады. Өмірлік тәжірибесі мол бұл жандар кез келген мәселеге қатысты өз ойларын айтып, пайдалы кеңесін бере алады. Бірнеше күн бұрын «Қоғамдық келісім және даму орталығы» Талғар аудандық филиалы басшылығының бастамасымен ақсақалдардың алғашқы жиыны өтті.

    Аудан әкімдігінде өткен шараға барлық ауылдық округтердегі ақсақалдар кеңесінің өкілдері, белсенді қариялар жиналып, қордаланған түйткілді мәселелерді талқылады. Сондай-ақ келешекте қандай жұмыс атқару қажеттігін кеңесіп, осы бағытта жоспар белгіленді.
    Шараны ашып, модераторлық жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Меруерт Мүбәракова жиынның мақсаты мен ақсақалдар кеңесі биылға жоспарлаған жұмыстар жайында қысқаша айтып өтті. Одан кейін алғаш сөз алған аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахат Солтанқұлов осы қоғамдық ұйымның өткен жылы атқарған және алда атқарылатын жұмыстары жайында баяндады. Оның айтуынша, ақсақалдар кеңесі былтыр қоғамдық өмірге белсене қатысып, өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу және басқа да әртүрлі бағыттағы 150-ден аса іс-шара ұйымдастырған. Сонымен бірге ол қазіргі ақсақалдар кеңесінің құрамы сандық тұрғыдан аз екенін айтып, оны белсенді жаңа мүшелер тарту есебінен кеңейту қажеттігін баса айтты.
    – Басқа да қоғамдық ұйымдарды жұмылдыра отырып, мемлекеттік құрылымдармен тығыз байланыста және біртұтас жұмыс істеуіміз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, сонда нәтиже де жақсы болады, – деді Ахат Әлімжанұлы.
    Өз кезегінде кеңес жұмысына қатысқан «Қоғамдық келісім және даму орталығы» Талғар аудандық филиалының директоры Алтыншаш Мұхамеднұрова өзі жетекшілік ететін бұл ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Мемлекет басшысының ақсақалдар кеңесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша консультативтік-кеңесші ұйым екенін еске салып, қоғамдық өмірдің барлық саласында ақсақалдардың жұмысын жандандырып, олардың іс-шараларға белсендірек қатысуы қажет екенін ескертті.
    Кеңес кезінде қоғамдағы әлеуметтік түйткілдер, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, жастарға білім беру және ұлттық құндылықтарды ілгерілету сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Ауқымды шараға ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен бірге басқа да белсенді азаматтар, өзіндік пікірі бар тұрғындар, БАҚ өкілдері қатысты.
    Ардагерлер кеңесінің басты мақсаты – жан-жақты жетілген қоғам мүшелерін тәрбиелей отырып, дәстүрлі отбасылық, рухани құндылықтарды қалыптастыру, құқықтық сана, өзара құрмет мәдениетін дамыту арқылы ұлтаралық бірлік пен татулықты қамтамасыз ету. Осы ретте жиында ақсақалдардың қоғамдағы осындай өзекті мәселелердің шешілуіне белсенді қатыса отырып, әлеуметтік келісім мен тұрақтылықтың сақталуына өзіндік үлес қосатыны ерекше атап өтілді. Кеңес қатысушылары алдағы жұмыс жоспарын бекітіп, мұндай жиынды жиі-жиі өткізіп тұру жөнінде шешім қабылдады.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының аумағында жер сілкінді

    Алматыда тағы да жер қозғалды

    1 year ago
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ!

    Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

    2 months ago
    Алматы облысындағы бірнеше ауылда ауызсу бағасы арзандады

    Коммуналдық қызмет төлемдері қаншаға қымбаттайды?

    2 years ago
    МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУҒА КІРІСТІ

    МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУҒА КІРІСТІ

    1 day ago
    Қала, көше, тіршілік

    Қала, көше, тіршілік

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.