-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жауынгер жолы

    15.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Жауынгер жолы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           Алатау қаласы «Заречный» ықшамауданындағы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 3660 әскери бөлімінде Ауған соғысының ардагер­лерімен кездесу ұйым­дастырылды. Шарада әскери бөлімнің жеке құрамы сап түзеп, құрметті қонақтарды салтанатты түрде қарсы алды. Іс-шара барысында бөлім командирі, подполковник Ерлік Оспанқұлов ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ерліктерін қазіргі ұрпақ ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.

    Ауған соғысының ардагерлері полковник Ескендір Балтабеков пен полковник Геннадий Фалеев жас сарбаздармен ашық сұхбат өткізіп, өздерінің әскери қызмет жолындағы қиындықтары мен жауынгерлік тәжірибелері туралы баяндады. «Ауғанстан біздің жастық шағымыздың ауыр кезеңі болды. Ол жерде біз тек соғысып қоймай, нағыз бауырластықтың не екенін түсіндік. Қаншама қиындық көрдік, бірақ Отан алдындағы борышымызды адал орындадық», – деді ардагер Ескендір Балтабеков.
    Кездесу барысында әскери қызметшілер ардагерлерге қызықты сұрақтар қойды. Әңгіме барысында олар Ауған соғысының тактикалық ерекшеліктері, жауынгерлік рух, әскери дайындық және бауырластық туралы маңызды ақпарат алды. «Кездесу біз үшін өте маңызды болды. Біз кітаптан оқыған тарихты көзбе-көз көргендей әсерге бөлендік. Бұл бізге әскери қызметтің қаншалықты жауапты екенін тағы бір рет ұқтырды», – дейді жас сарбаздардың бірі, қатардағы Ринат Мұсағұлов.
    Кездесу соңында ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, иықтарына дәстүр жолымен шапан жабылды. Бұл – ерлік пен батырлықтың белгісі ретінде берілген сый-құрмет. Қан майданда қайсарлық танытқан жауынгерлерге шапан кигізу – олардың еңбегіне деген халықтың алғысы мен құрметінің айқын көрінісі. Ұлттық шапан киген ардагерлердің жүзінен шынайы ризашылық пен мақтаныш сезімі байқалды. Бұл сәт ұрпақтар сабақтастығының, жауынгерлік рух пен батырлықтың мәңгілік екенін дәлелдеген айрықша көрініс болды. Осындай шаралар жауынгерлік дәстүрді нығайтып, әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Ауған соғысының ардагерлері – ел тарихының куәгерлері, олардың ерлігі мен тәжірибесі болашақ ұрпақ үшін мәңгілік өнеге болып қала береді.

    Әлия ӘБДІҒАЛИЕВА
    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Жүзден жүйрік шықты

    Жүзден жүйрік шықты

    2 months ago
    Ғылымның игілігі мәңгілік

    Ғылымның игілігі мәңгілік

    1 year ago
    Бас ұстаздар баспасөзді қолдайды

    Бас ұстаздар баспасөзді қолдайды

    2 years ago
    Газдандыру қарқын алады

    Алматы облысында отандық өндірушілерді қолдау қалай жүзеге асып жатыр?

    4 months ago
    Алматы облысында осы жылдың жеті айында  365 өрт оқиғасы тіркелген

    Алматы облысында осы жылдың жеті айында 365 өрт оқиғасы тіркелген

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>