-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балуандарды баптаған

    15.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Балуандарды баптаған
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

         Қазіргі таңда спорт – қоғамымыздағы маңызды құндылықтардың бірі. Әсіресе, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық дағдыларды дамыту мақсатында ашылған үйірмелердің үлесі зор. Осы тұрғыда Алматы қаласының «Көкжиек» ықшамауданында ашылған күрес үйірмесі ерекше назар аудартады. Бұл үйірме спортпен шұғылдануға ынталы жастар үшін керемет мүмкіндік ұсынуда.

    Аталған үйірменің жетекшісі Бекжан Нұрымның қажырлы еңбегі мен жігері арқасында бүгінгі таңда жүздеген жас спортшы өз өнерлерін шыңдап, болашақ чемпиондық жолдағы алғашқы қадамдарын жасауда. Бекжан Нұрым – 2015-2019 жылдар аралығында Қазақ спорт және туризм академиясында білім алып, өзін жан-жақты дамытқан үздік студенттердің бірі. 2019 жылы бакалавр бағдарламасын үздік аяқтап, магистратураға грант жеңіп алды. Оқу барысында жоғары нәтижелер көрсетіп, қатарынан 6 жыл стипендия иегері атанды. 2021 жылы магистратураны сәтті аяқтап, диссертациясын қорғаған соң, сол академияда оқытушылық қызметін бастады. Ол ұлттық спорт түрлері мен күрес дисциплинасы бойынша студенттерге теориялық және практикалық сабақтар өткізіп, кураторлық қызмет атқарды. 2021-2022 оқу жылында Бекжан Нұрым М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда дене шынықтыру пәнінен дәріс берсе, 2023-2024 жылдары күрес үйірмесінде жаттықтырушы болды. Ол қазақ күресінен республикалық турнир ұйымдастырып, оның жоғары деңгейде өтуіне зор үлесін қосты.
    Бүгінді таңда аталмыш үйірменің спортшылары өздерінің талантымен, спортқа деген махаббатымен жарыстарда топ жарып жүр. Мұндағы күрес үйірмесі – тек спортпен шұғылдану алаңы ғана емес, болашақ чемпиондардың қалыптасатын жері. Бекжан Берікұлының жетекшілігімен бұл үйірмеде жүздеген жас өздерінің арман-мақсаттарына жету үшін еңбек етуде. Жастардың денсаулығын жақсарту, оларға тәртіп пен жауапкершілікті үйрету және болашақта еліміздің спорт саласына өз үлестерін қосу – үйірменің басты жетістіктері. «Көкжиек» ықшамауданындағы күрес үйірмесінің болашағы жарқын әрі еліміздің спорттық жетістіктеріне үлес қосатын маңызды орынға айналатыны сөзсіз.

    Бекзат Ғабитқызы,
    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторанты

    Ұсынымдар

    Заңбұзушылыққа жол жоқ

    Заңбұзушылыққа жол жоқ

    3 months ago
    Асыл тойы – ғасыр тойы

    Асыл тойы – ғасыр тойы

    3 months ago
    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр

    Алматы облысында 35 үйдің ауласына су кірген

    1 year ago
    «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы үздік деп танылды

    «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы үздік деп танылды

    2 years ago
    Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

    Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>