⛅
5°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Иппотерапия игілігі

    27.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Иппотерапия игілігі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Талғар ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған иппотерапия оңалту орталығы ашылды. «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінде өткен салтанатты шараға аудандық және облыстық халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, мүгедек балалардың ата-аналары, ат спорты нұсқаушылары, әкімдік өкілдері, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері қатысты.

    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дарламалар басқармасының бас­шысы Айгүл Ахметова құттықтау сөз сөйлеп, соңғы кездері жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау, оларды оңалту, бейімдеу және қоғамға әлеуметтендіру бойынша көптеген мемлекеттік бағ­дарламаны іске асырып жатқанын атап өтті.
    – Иппотерапия сал ауруын қал­пына келтірудің тиімділігі бойынша әлемдік оңалту тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Осы мақсатта облыс тарапынан 9 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді, нұсқаушы бекітіліп, олар тек жылқылармен ғана емес, мүгедек балалармен де жұмыс істеуге арнайы курста оқытылды. Мұндай орталықтар балаларды қоғамға бейім­деу үшін қолайлы жағдай жасауға, олардың қоршаған әлемді сезінулеріне мүмкіндік береді, – деп атап өтті Айгүл Матанқызы. Оның айтуынша, таза ауада поло-клубтың ашылуы атқарушы билік өкілдерінің және жылқыларды тегін берген бірқатар фермердің қолдауы арқасында жүзеге асқан. Мұнда ата-аналар балалардың денсаулығын сақтау бойынша қызметтерді ақысыз ала алады.
    Ата-аналар балаларына қамқорлық танытып отырған әлеуметтік қызмет­керлер мен жомарт жанды шаруаларға ризашылықтарын білдірді. Шараның соңы ақ жаулықты аналар шашқан шашу мен мерекеге арналған концертке ұласты.
    Оқырманға түсінікті болуы үшін айта кетейік, иппотерапия дегеніміз – анималотерапияның бір түрі. Мұнда адамдарды атқа мінгізу арқылы емдейді. Медицинаның атасы саналатын Гиппократтың өзі меланхолияны жылқыға мініп серуендеу арқылы емдеуге шақырған екен. Бұл емдеу тәсілі әлемнің көптеген елінде қолданылады. Осындайда мыңдаған жыл бойы атқа жайдақ мініп шапқан ата-бабаларымыздың мұны қалай білгеніне таңданасың әрі мақтанасың!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қос ішектің құдіреті

    Қос ішектің құдіреті

    4 months ago
    АЯҚ КИІМ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

    АЯҚ КИІМ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

    11 months ago
    Ән әуелеп, күй төгілді

    Ән әуелеп, күй төгілді

    3 days ago
    Қазақстан мұнай өңдеуді дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асыруда

    Қазақстан мұнай өңдеуді дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асыруда

    6 months ago
    Алатау қаласында отбасыларға қолдау көрсету шаралары жалғасуда

    Алатау қаласында отбасыларға қолдау көрсету шаралары жалғасуда

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>