-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

    03.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Мұны Қонаев қаласында өткен баспасөз туры кезінде кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайрат Умаров айтты.

    «Былтыр негізгі капиталға 103,1 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда Қонаевтың инвестициялық портфелінде 42 жоба бар. Бүгінде 4 ауқымды жобаның құрылысы жүріп жатыр. Олар: мейрамхана кешені, «Оспанова Девелопмент» компаниясының балық зауыты, «ASP Arena» және жеміс-жидектерді өңдеу зауыты», – деді бөлім басшысы.

    «Оспанова Девелопмент» ЖШС-ға тиесілі балық зауыты құрылысының 1-кезеңі аяқталды. Мұнда жылына 10 000 тонна баррамунди балығы өсіріледі. Жобаның жалпы құны 67,3 млрд теңгені құрайды.

    Зауыт 35 гектар жерді алып жатыр. Құрылысы 2021 жылы басталған. 2023 жылдың қазан айында балық шабақтары алғаш рет суға жіберілді. Кешенге технологиялық, әкімшілік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық блоктар кіреді. Мұнда балықты орналастыруға арналған бассейндер, сүзгі қондырғылары, инкубациялық резервуарлар, артемия мен коловраттар бар. Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ҚР мен ТМД елдері болады деп күтілуде.

    Ал «ASP Arena» (бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізуге арналған туристік-спорттық ойын-сауық кешені)
    ел ішінде танымал болып үлгерді. Мұнда бұған дейін 10-нан астам елден мыңдаған көрерменді жинаған рок фестиваль, жазғы және қысқы дрифт шоу өтті. Қысқы дрифт шоудың алғашқы шарасы аяқталған соң, үлкен мұз айдыны халыққа қызмет етіп келеді. Жақында тағы да дрифт шоулар ұйымдастырылады. Тиімділігі сонда – кез келген демалыс түрінің бағасы тұрғындарға қолжетімді.

    Кешеннің аумағы – 64 гектар, жобаның аяқталу уақыты – 2025 жыл. Инвестиция сомасы 8,1 млрд. теңгені құрайды. Жоба толық қолданысқа берілгенде 482 жұмыс орны ашылады. Кешеннің аумағында – қонақ үй, 500 орындық мейрамхана, 1000 шатырға арналған кемпинг алаңы, 3600 орындық трибуна және ауданы 15,4 мың шаршы метр болатын түрлі іс-шараларды өткізуге арналған арена, автожүргізушілерге арналған академия, бассейн қарастырылған. Сондай-ақ 2000 орындық тұрақ бар. Нысан мынадай қызметтерді көрсетеді: кәсіби автоұшқыштарды аттестаттау, спорттық автомобильдерді, квадроциклдерді жалға алу, картинг.

    Бұдан бөлек, Қайрат Умаров 10 жобаның сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын атап өтті. Ал қаладағы кейбір кәсіпорындар жаңғыртылып, үлкейеді деген жоспар бар. Мысалы, жүгері таяқшаларын өндіретін «АЯМ» ЖШС кәсіпорнын кеңейтіп, қытырлақ нан шығаратын зауыт салып жатыр. Жобаның құны – 400 млн. теңге.

    «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС да кәсіпорнын кеңейтуде. Жоба аясында элеваторды күрделі жөндеу, астық тиеу жүйесін салу, инженерлік желілерді ауыстыру, құрама жем зауытын және қойма салу жоспарланған.

    Ұсынымдар

    Сала жұмысында сылбырлық бар

    Сала жұмысында сылбырлық бар

    1 year ago
    Жаңа мүмкіндік бастауы

    Жаңа мүмкіндік бастауы

    1 month ago
    Омарташылық оңай кәсіп емес

    Омарташылық оңай кәсіп емес

    2 years ago
    Есірткіге жол жоқ!

    Есірткіге жол жоқ!

    8 months ago
    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>