⛅
7°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ең әдемі киім

    19.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Ең әдемі киім
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, құстарды сайратып Ұлыстың ұлы күні келді. Осыған орай Кегендегі орталық алаңда «Наурызнама» аясында Ұлттық киім күні  аталып өтті.     

    Іс-шараның мақсаты – салт-дәстүр мен мәдени мұраны сақтап, ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау. Ұлттық киім киген бірқатар мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары мен оқушылар алаңға жиналып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ақсақалдар ақ тілегін ақтарды.

    Мерекені жаңа форматта атап өткен аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев:

    – Бұл күні адамдар өздерінің мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек, – деді.

    Аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман ұлттық киімді ұлықтауды ерте жастан балаларға түсіндіріп, оны күнделікті киіп жүруге дағдылансақ деген ниетін ортаға салды.

    – Бүгін халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, одан шабыт алатын күн, – деген аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сабыр Досымбеков жиналған көпшілікке батасын берді.

    Мерекелік шарада ақ жаулықты аналар дайын­­даған сүт өнімдерінен жасалған құрт, ірімшік, май, қатық, наурызкөже және басқа да қолөнер бұйымдарының көр­месі ұйым­дастырылды. Өнерлі жастар күмбір­­летіп күй шертіп, көркем би, әсем әндерін тарту етті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаев гарнизонында роталық тактикалық оқу-жаттығу өтті
    07.03.2026
    Алматы облысында Жаңа Конституцияны қолдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
    07.03.2026
    Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар
    07.03.2026
    Жанкүміс ЖӘМЕҢКЕ, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты: Газет – ұлтқа қызмет ететін ұлы мінбер
    07.03.2026
    Нәзік жан, нық тізгін
    07.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>