-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Газет иісін сағынамыз

    29.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Баспасөз-2025
    Газет иісін сағынамыз
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов «Өлке тынысы» ЖШС құрамындағы Алматы облыс­тық «Алатау арайы» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары Қуаныш Тұнғатар мен Забира Сайділдинаны қабылдады. Жүз­десу барысында тараптар мерзімді басылымдардың бүгін­­гі ахуалы, көтеріп отырған жүгі мен таралымы жайында пікір алмасып, алдағы ­уақытта бір­­лесіп атқарар жұмыстар жай­­лы ой бөлісті.

    Алдымен сөз тізгінін алған Забира Дайранқызы ғасырдан асқан ғұмыры бар басылымның тарихы жайлы аз-кем ақпарат беріп, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңалықтарды жариялау, мемлекеттің басты бағытын насихаттау барысында газеттің алар орны мен маңыздылығы туралы баян­да­ды. Ал Қуаныш Абайбекұлы өз кезегінде Мемлекет басшысы
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда «Оқитын ұлт» жобасын ұсынғанын, осыған байланысты «Алатау арайы» мен «Огни Алатау» газеттері республикада алғашқы болып өңір елдімекендерінде «Оқитын ұлт – оқитын отбасы» акциясын ұйымдастырғанын айтып өтті. Ол Қарасай жерінде аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаеваның қолдауымен өткізілген «Қазақ газеті» атты форумға жоғары баға беріп, газет ұжымы атынан алғысын білдірді. Осындай түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде қос басылымға жазылушылардың қатары артып келе жатқаны да әңгіме өзегіне айналды.
    Кездесуге арнайы келген Алматы облысының Құрметті азаматы, ардагер-журналист Қанат Тәкебаев мерзімді басылымдарға жазылу, газет-журналдарды оқу дәстүрі кері кетіп бара жатқанын ашына айтып, жұртшылықтың ақпарат алу мәдениетін қалыптастару барысында атқарылар жұмыстар жайлы өз ойымен бөлісті. Сөз арасында қазіргі нарықта жекелеген газеттердің де көп екені, олардың мазмұны мен сапасы журналистика талабына сай келмейтіні, салдарынан қаншама газет бума-бума болып келген күйі қоймаларда жатып қалатыны айтылды. Осы орайда облыстық екі газет – «Алатау арайы» мен «Огни Алатау» басылымдарының орны бөлек екені, екі басылымда да аптасына үш рет мазмұнды материалдар жарияланатыны әңгіме өзегіне айналып, мекеме қызметкерлеріне тілшілері толық режимде жұмыс істейтін, талапқа сай жарық көретін басылымдарды ғана оқуға кеңес берілді. Өкінішке қарай, кейбір басқа газеттер бизнес көзіне айналған, ақпараттық тапсырысты орындау үшін жиендік жасап, көшіріп басатын да редакциялар аз емес. Кездесуде мұндай бизнеске айналған басылымдардың орнына облыс әкімінің үнжариясына қолдау көрсету қажеттігі әлдеқайда ұтымды қадам екені сөз болды.
    Баспасөз өкілдерінің пікірін мұқият тыңдаған Жасұлан Тоққожаұлы Қарасай ауданының экономикалық-әлеуметтік ахуалы турасында мәлімет беріп, өңірлік газеттер жайлы да өз ойын ортаға салды. «Әкем Тоққожа Естенұлының әр күні газет оқудан басталатын. Сондықтан мерзімді басылымдарды қалт жібермей оқу, жаңалықтарды қадағалау бала кезден сүйегіме сіңген әдет десем де жарасады, – деді ол. – Кей кезде газет қарауға қолым тимей кетсе, иісін сағынатын да шақтарым болады. Сондықтан баспасөздің қоғам­ды біріктіру, халықты бір мақсатқа ұйыстыру, мемлекеттің басты бағытына жұмылдырудағы атқарар қызметін жоғары бағалаймын. Оқымайтын ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Облыстық басылымдарды қолдау жалғаса береді».
    Тараптар алдағы уақытта да бірлесе іс атқарып, тәуелсіз еліміздің асқақ рухты ұрпағын қалыптастыруда жұмыла жұмыс атқаруға уағдаласып тарасты.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    2 years ago
    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

    3 months ago

    Алматы облысында алғаш рет «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті

    8 months ago
    Дайындық жұмысы пысықталды

    Дайындық жұмысы пысықталды

    9 months ago
    Алматы облысында 270 саяжай алабы елдімекен санатына қосылады

    Алматы облысында 270 саяжай алабы елдімекен санатына қосылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.