-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Шаруаларды қолдау жалғасады

    05.04.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Шаруаларды қолдау жалғасады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Облыстық ауыл шаруашы­лығы басқарма­сының ресми өкілі Олжас Молдатаев өңірде өткен баспасөз мәжілісінде көктемгі егіс нау­қаны жайлы баяндады. Олжас Ерболатұлы өз сөзінде көктемгі егіс науқаны – бұл аграрлық өңірдің страте­гиялық маңызды кезеңі еке­нін, қазіргі уақытта Алматы облысының ауыл шаруашы­лығы тауар өндірушілері бұл іске белсенді түрде кіріскенін атап өтті.

    – Биыл ауыл шаруашылығы дақыл­да­рының егіс алқабын 12,9 мың гектарға ұлғайтып, 436,8 мың гектарға жеткізу жоспарланды, өткен жылы 423,9 мың га болған. Қазіргі таңда 26,4 мың га алқапта күздік дақылдар, оның ішінде бидай 23,8 мың гектарға, арпа 1,5 мың гектарға, басқа да дәнді дақылдар 1,1 мың гектарға себілді. Егіс науқанының табысты өтуі үшін фермерлерді тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай және ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету – басты назарда. Дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде Gosagro порталы арқылы 283 шаруа қожалығынан жалпы көлемі 5 154 тоннаға өтінім берілді, былтырғы көрсеткіш 4 651 тонна болған. Энергетика министрлігінің 30 қаңтардағы хаттамасына сәйкес, бөлінген дизель отынының көлемі 4 650 тоннаны құрады. Республика бойынша дизель отынының көлемі 10 пайызға қысқартылды. Жүргізілген конкурстық жұмыс барысында дизель отынының бағасы литріне 250 теңге болып бекі­тілді. Ал министрліктің бекіткен бағасы – литріне 254 теңгеге дейін. Дизель отынын жеткізуші – «Петрофон» және «Rv Oil Gas» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, – деді спикер.
    Баяндамашы ары қарайғы сөзінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мәселесі де назардан тыс қалмайтынын айтты. Биылғы 20 ақпаннан бастап «ҚазАгроҚаржы» ұйымы ауыл шаруашылығы техни­касын жеңілдетілген лизингке беру бойынша өтінімдерді 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен қабылдауды бастады. Бұл – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін техникаларын тиімді шарттармен жаңартуға үлкен мүмкіндік. Биыл ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша 520 техника сатып алу жоспарланып, қазіргі уақытта 170 жаңа техникаға 85 өтінім келіп түскен. Мемлекеттік қолдау аясында «Агробизнес», «Кең дала» бағдарламалары бойынша қаржыландыру қарастырылған, бұл фермерлерге қажетті ресурстарды уақытылы сатып алуға мүмкіндік береді. «Кең дала» несиелік бағдарламасы бойынша биыл Алматы облысына 15,7 млрд теңге бағытталған, бүгінгі таңда 2,3 млрд теңгеге 56 өтінім келіп түсті. Тұқым, тыңайтқыш үшін субсидиялар беру, су жеткізу шығындары және ЖЖМ құнын арзандату бойынша жұмыстар жалғасын таппақ. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндірістік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
    Өсімдік шаруашылығы саласын қолдауға жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге қаражат бөлінген, былтыр 4,4 млрд теңге болған.
    Басқарманың ресми өкілі Олжас Молдатаев тұқым, тыңайтқыш, жанармаймен қамтамасыз ету немесе қаржылық қолдау шаралары туралы сұрақтар туындаған жағдайда, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне немесе жедел желіге хабарласуға болатынын еске салды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы еңбеккерлерді жан-жақты қолдауды жалғастыра отырып, саланың тұрақты әрі тиімді дамуы үшін барлық жағдайды жасайтынын алға тартты.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    “Не загнать в тень”: Авторы налоговой реформы о необходимости сбалансированного решения

    3 months ago
    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    2 years ago
    109» байланыс орталығына 3 мыңнан аса өтініш түсті

    109» байланыс орталығына 3 мыңнан аса өтініш түсті

    1 year ago
    Облыста жылыту маусымы кезінде 102 өрт болды

    Семья пострадавшего от пожара отказалась от предложенной помощи акимата

    5 months ago
    Сөз өнерінің феномені

    Сөз өнерінің феномені

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>