⛅
-0°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Оқырманға жол тартты

    10.04.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Оқырманға жол тартты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Балқаш аудандық кітап­ханасында Қазақстанның Құрметті журналисі, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Іле ауданының Құрметті азаматы Шынәділ Мұқанұлының «Балқашым – қамал түбегім» және «Қырбастың қызылы» атты кітаптарының тұсауы кесіліп, оқырман қауымға жол тартты.

    Қаламгердің 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлзат Сәлімжанова бақ дарыған Балқаштың қасиетті топырағынан нәр алып, мәдениет саласына өзіндік үлес қосып келе жатқан мерейтой иесіне игі тілегін арнады.
    Келесі кезекте сөз алған Қонаев қаласының және Балқаш ауданының Құрметті азаматтары Ізтілеу Тойшыбай­­ұлы мен Зарыққан Есілбаев ақын­ның қаламынан туған құнды дүниелердің келешек ұрпаққа рухани азық болатынын сөз етті. Шынәділ Мұқанұлының «Қазақстанның Құрметті азаматы» байқауына қатысып, жеңімпаз атанғанын және Алматы облысының «Құрмет кітабына» есімі енгенін тілге тиек етіп, қаламгердің иығына шапан жапты. Сондай-ақ ақынның замандастары Ақынбек Станбеков, Марат Қашқынбаев, Мұқанғали Қожабеков және Самат Рақышев жүрекжарды лебіздерін білдірді.
    Мәдени шарада аудан өнерпаздары Айбын Батырбаев пен Алмабек Садықов әуелете ән шырқады. Бақанас мектеп-интернатының оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Ақши ауылдық Мәдениет үйінің әншісі Ғылымжан Жеңісұлы Шынәділ Мұқанұлының сөзіне жазылған «Туған жер, сені сағындым» және «Күнім – айым» атты әндерін тамылжыта орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
    Мәдени шараны қорытындылаған мерейтой иесі алғаш қолына қалам алған балалық шағынан естеліктер айтып, жаңа кітаптарының таныстырылымы өзінің туған өңірінде өтіп жатқанына ризашылығын білдіріп, аудандық кітапхана ұжымына алғыс білдірді.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

    Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

    2 years ago
    Көше сәнін кетірген

    Тозығы жеткен жол қашан жөнделеді?

    7 months ago
    Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

    Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

    1 year ago
    «Мектеп тар, жол нашар»: облыстық мәслихат төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді

    «Мектеп тар, жол нашар»: облыстық мәслихат төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді

    9 months ago
    Дарынымен дараланды

    Дарынымен дараланды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>