-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Отбасын қолдау орталығы ашылды

    02.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Отбасын қолдау орталығы ашылды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қазір жер-жерде отбасылық жанжалдарды шешу, өмірде қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсету, жәрдемдесу мақсатында Отбасын қолдау орталықтары ашылуда. Сондай маңызды мекеме Ұйғыр ауданында да өз жұмысын бастады.

    «Отан отбасынан басталады», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген атам қазақ. Адамның ұшқан ұясы – тәрбие бастауы. Отбасындағы тәрбие дұрыс болмаса, бала да бақытты бола алмайды. Күн сайын ақпарат көздерінен әйеліне әлімжеттік көрсеткен, баласын қорлаған, қызын зорлаған жаға ұстатарлық оқиғаларды естіп жанымыз ауырады. Бұл – бүгінгі қоғамның дерті. Аталған орталық осындай орны толмас қиыншылықтың алдын алу мақсатында құрылған. Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Ерасыл Толымбекұлы ашылу салтанатында орталықтың атқаратын жұмысына сәттілік тіледі.

    Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Айгүл Ахметова елімізде зорлық-зомбылық көріп, қиын жағдайға тап болған отбасылардың күн санап артып отырғанын терең күйзеліспен сөз етті. Келешегіміздің жарқын болуы үшін өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады. Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды адал азаматқа тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады. Айгүл Матанқызының ой-пікірін Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов ары қарай жалғап, дін – отбасы тәрбиесіндегі басты құралдың бірі екенін тілге тиек етті. Ал Ұйғыр аудандық аналар кеңесінің төрағасы Күлжахан Әликеева түрмесіз түнін батырған, құлпысыз таңын атырған, жетімсіз жер басып, жесірсіз күнелткен халқымыздың бүгінгі ұрпағы жаһанданудың жалынына шырмалып, түрлі батыстық менталитетке бас ұрып, отбасын ойран етіп, шаңырағын шайқалтып, жетімдер мен жалғыз басты аналардың саны артып, қарттарымызды қараусыз қалдырып жатқан жайымыздың үлкен қасірет екенін айтып, осы келеңсіздіктің алдын алуда Отбасын қолдау орталығының маңыздылығын атап етті. Бұл орталыққа көп жылдық тәжірибесі бар Гаухар Шавдинованы басшы етіп тағайындаудың өзі дұрыс таңдау екенін, оның қол астындағы жігері жалын атқан ондаған жастың бұл жұмысты алаңсыз алып жүретініне жиналған көпшілік сенім білдірді.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Өнертапқыш Нұркен

    Өнертапқыш Нұркен

    2 years ago
    Жаңа нысандар бой көтеруде

    Жаңа нысандар бой көтеруде

    5 months ago
    Қолаға қол жеткізді

    Қолаға қол жеткізді

    11 months ago
    “Жастар сайлауға жауапкершілікпен қарау керек”

    “Жастар сайлауға жауапкершілікпен қарау керек”

    2 years ago
    Тұлпардан қалған тұяқ

    Тұлпардан қалған тұяқ

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.