-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Отбасы қорғаны

    15.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Әкенің қас-қабағы

    Фото: ortcom.kz

    0
    SHARES
    10
    VIEWS

     2023 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, Үкімет қаулысымен мамырдың екінші жексенбісі Аналар күні, маусымның үшінші жексенбісі  Әкелер күні болып ресми түрде бекітілді.

    Бұл мереке елімізде пайда болғалы  әкенің беделін көтеру бағытында бірқатар шара қолға алынуда. Мәселен, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жер-жерде өкілдіктері ашылып, отбасындағы әке рөлін айшықтап, құндылығын нығайту жолында игі істер атқарылуда. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  жыл сайын әкелер форумын ұйымдастырып келеді. Форум аясында көпбалалы және басқа да ереже-талаптарға  сай келетін әкелерге «Асыл әке» медалі табысталып жүр. Білім беру мекемелерінде өткізіліп жатқан әкелер форумы әкелердің  мектеппен тығыз қарым-қатынас орнатып, ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ мәселеге етене араласуына септігін тигізуде. Білім ордасында құрылған әкелер мектебі ер балалардың тәртібіне баса көңіл бөліп, отбасы, оқушы, ата-ана ынтымақтастығын нығайтуға белсене атсалысуда. Әкелер мектебінің  мүшелері сынып сағаттарына қатысып, байқаулар мен  мәдени және спорттық  шаралар өткізуге ұйтқы болып, жарқын болашақта еліміздің тұтқасын ұстайтын азаматтарды тәрбиелеуге қомақты үлес қосуда.

    Елімізде үшінші жыл аталып өтетін бұл мерекенің маңызы жайлы ой-пікірін білмек болып қоғам белсенділерін сөзге тартқан едік.

    – Баршаңызды Әкелер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әке – отбасының тірегі, ұрпағына өнеге беруші. Ислам дінінде ата-ананың, соның ішінде әкенің орны ерекше. Әкені құрметтеу – перзенттік парыз. Сондықтан әкені ардақтауды бірінші орынға қояйық. Әкеден бата алған ұл-қыздың қашанда жолы ашық болады. Ал әкелер ұрпақ тәрбиесінде дана, сабырлы, мейірімді бола білейік, – деді облыстың бас имамы Мадияр Пірімқұлов.

    Ал облыс орталығында тұңғыш ашылған «Жас сарбаз» сыныбының жетекшісі Ермек Қомаев:

    – Бұл мереке – әке мен бала арасындағы байланысты арттыратын  игі бастама, қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бала үшін әке – тәртіп пен жауапкершіліктің, әділдік пен қамқорлықтың үлгісі. Оның жылы сөзі, бағыт-бағдарының перзентінің тұлға болып қалыптасуына зор әсері болмақ. Бала тәрбиесі тек ананың мойнында болмауы керек. Әке мен ана – бір-бірін толықтыратын тең серіктестер. Әсіресе ұлдар үшін әкенің үлгісі ертеңгі азаматтық бейнесін қалыптастырады, – деген пікірін білдіре отырып, бұл мереке формалды түрде аталып өтпей, отбасы мүшелерінің әкеге алғыс білдіретін, оның рөлін ұлықтайтын ерекше күнге айналуы тиіс екенін айтты.

    – Үкіметтің «Әкелер күні» мерекесін ресми бекітуі  қажетті шешім болды деп ойлаймын. Әке – отбасының асыраушысы ғана емес, басты тәлім-тәрбие беретін жан. Шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін тұлғаны сыйлап, құрмет көрсету отбасы мүшелеріне  парыз болуы керек дер едім.  Қазіргі кезде жалғызбасты аналар баласын әкесіз өсіруде. Ол дұрыс емес. Әкесіз бала жасық, жалтақ, өзімшіл  болады, – деді Қонаев қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жақан Ахаев.

    Тарихқа көз жүгіртсек, Әкелер күнін атап өту  20-ғасырдың басында  АҚШ-та бастау алған. Елімізде тойланып жатқан жаңа мерекенің әкелер институтын дамытуға зор ықпал ететіні сөзсіз.  «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деген аталы сөзді басшылыққа алып,  бала ананың аялы алақанымен қатар әкенің сүйіспеншілігі мен мейріміне бөленіп өсуі қажет екенін қаперден шығармаған абзал.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Тыныштықты күзеткен

    Тыныштықты күзеткен

    7 months ago
    АУЫЛДЫҢ ГҮЛДЕНУІ – ЕЛДІҢ ГҮЛДЕНУІ

    АУЫЛДЫҢ ГҮЛДЕНУІ – ЕЛДІҢ ГҮЛДЕНУІ

    3 months ago
    Жылқы жайын баққан білер

    Жылқы жайын баққан білер

    5 months ago
    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    4 months ago
    Асыл жандарға құрмет көрсетілді

    Асыл жандарға құрмет көрсетілді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>