-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Абзал жандар алғысқа бөленді

    18.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Абзал жандар алғысқа бөленді
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

           Талғар аудандық Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Халық денсаулығы күзетіндегі ақ халатты абзал жандарды аудан әкімі Таңат Айдарбеков кәсіби мерекесімен құттықтап, медицина қызметкерлерінің қоғам өміріндегі рөлін атап өтті.

          – Медицина қызметкерлері қандай құрметке де лайық. Дәрігердің жанкешті еңбегін ешбір нәрсемен салыстыруға келмейді. Оның құндылығына баға жетпейді. Өйткені, сіздер адам жанының арашашысысыздар. Осы жолда күн-түн демей еңбектеніп, тер төгіп келесіздер. Осы халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой биігіне жетелей берсін! Жүректеріңізде әрдайым үміт пен сенімнің, адамдарға деген сүйіспеншіліктің шамы сөнбесін! – деді Таңат Есенкелдіұлы.

    Өңір басшысы өз сөзінде сенімгерлік басқару аясында аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жабдықтау, ауылдық елдімекендердегі дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік бекеттерді күрделі жөндеуге елеулі үлес қосқан «А-Class Medical» ЖШС компаниясының қызметі мен оның әлеуметтік маңызына тоқталды. Сондай-ақ өз мамандығына адалдық танытып, тәлімгерлік жасап жүрген сала ардагерлері – Камила Құрбаниязова, Ләззат Шайданова, Нұрзайда Таубалдинованың есімін ерекше атап, бірқатар медицина қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

    Салтанатты жиынға қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Мұхит Әлібеков, «АMANAT» партиясының Талғар аудандық филиалы төрағасының орынбасары Серік Дүмшібаев жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ақ халатты жандарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыстады.

    Аудандық аурухананың бас дәрігері Оңғарсын Байұзақов та өз әріптестерін құттықтап, өңір дәрігерлерінің кәсібилігі мен медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуы арта түскенін алға тартты. Оның айтуынша, бүгінгі таңда аудандық ауруханада 2 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді. Олар 213 мың 503 тұрғынға күндіз-түні қызмет көрсетеді, күніне 5 мыңға жуық адам дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Сенімгерлік компанияның күшімен Дәулет, Туғанбай, Береке, Бірлік ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жүргізілген. Өткен жылы 40 дана жабдық сатып алынған, оның ішінде заманауи компьютерлік томограф, 128 тілікке арналған жылжымалы рентген, наркозды-тыныс алу аппараты бар. Ендігі кезекте лапароскопиялық аппарат алу, МРТ-жабдықтар үшін корпус салу жоспарланып отыр. Медициналық ұйымдарды кадрлармен қамту көрсеткіші 71 пайызды құрайды, 134 учаскеде 88 жалпы практика дәрігері жұмыс істейді. Болашақта кадрлармен жасақтау жұмысы жалғаса бермек.

    Салтанатты  құттықтаудан кейін Оңғарсын Алғабекұлы еңбегімен еленген дәрігерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарын табыс етті. Педиатрия салысында 40 жылдан астам еңбек еткен медицина ардагері Камила Қожалымқызы да әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

    Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Ұлттық ойынның үздіктері марапатталды

    Ұлттық ойынның үздіктері марапатталды

    2 years ago
    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    2 years ago
    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    7 months ago
    «Қонаев» сөзі жағалауға ерсі емес пе?

    «Қонаев» сөзі жағалауға ерсі емес пе?

    1 month ago
    Алматы облысында 476 мектептің қауіпсіздігі тексерілді

    Алматы облысында 476 мектептің қауіпсіздігі тексерілді

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>