[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың санитариялық жағдайы бақылауда

    25.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай, Туризм және саяхат
    Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың санитариялық жағдайы бақылауда
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының қауіпсіздігі мен жағажайлардың санитариялық жағдайы ерекше бақылауға алынды. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Исмаилов Марат мәлімдеді.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемдегі аурулардың 80% сапасыз сумен байланысты. Сондықтан су объектілерінің санитариялық жағдайы – халық денсаулығы үшін аса маңызды мәселе.

    Алматы облысында 130 демалыс орны бақылауға алынған. Оның ішінде 90 Қонаев қаласында, Еңбекшіқазақ, Балқаш және Іле аудандарында орналасқан. Сонымен қатар, 33 қала сыртындағы оқушылар лагері де санитариялық тексеруден өтуде.

    Департамент жыл сайын маусым басталар алдында су мен жағажай құмын зертханалық тексеруден өткізеді. Биылғы маусымға дайындық аясында 147 су 51 топырақ сынамасы алынған.

    Шомылуға арналған су айдындарын пайдаланатын кәсіпкерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық ережелеріне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Жағажай аумағында көлеңке түсіретін шатырлар, шезлонгтар, кабиналар, тазалыққа арналған құралдар орнатылып, күн сайын дезинфекция мен тазалау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

    Исмаилов Марат жағажайды таңдау кезінде бірнеше қарапайым ережені сақтауға шақырды. Атап айтқанда, демалыс орны лас ағынды сулардан, мал жайылымынан және өндіріс орындарынан кемінде 500 метр қашық орналасуы тиіс. Балалардың шомылуына тек ауа температурасы +23°C және су температурасы +20°C болғанда ғана рұқсат беріледі.

    Біздің мақсатымыз – халықтың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету. Сондықтан әрбір демалыс орнының санитариялық жағдайы қатаң бақылауда болады, — деп қорытындылады сөзін Исмаилов Марат.

    Ұсынымдар

    ІІМ: Алматы облысы жол апаты ең көп адам құрбан болатын өңірлер қатарында

    Бір айда 15 бала жол апатынан мерт болды – ІІМ

    2 years ago
    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер

    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер

    3 years ago
    Маман тәрбиелеудің маңызы айтылды

    Маман тәрбиелеудің маңызы айтылды

    4 months ago
    AMANAT: Іле ауданының әкімі тұрғындарды қоғамдық қабылдауда тыңдады

    AMANAT: Іле ауданының әкімі тұрғындарды қоғамдық қабылдауда тыңдады

    11 months ago
    Газет  –  мәдениеттің қайнар көзі

    Газет  –  мәдениеттің қайнар көзі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>