⛅
-3°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қызметтік көлік табысталды

    27.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Қызметтік көлік табысталды
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

         Облыс орталығында Полиция күні аталып өтіп, қызметтік міндетін адал атқарып жүрген үздік тәртіп сақшылары марапатталды. Іс-шарада ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

    Салтанатты жиында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев  сөз сөйледі. Аймақ басшысы полиция қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды әрі күрделі міндеттерді абыроймен атқарып келе жатқанын атап өтті.

    –  Облыстық полиция департаменті тарихында қызметтік борышын адал атқарып, ерлік пен жанқиярлықтың айшықты үлгісін көрсеткен батырлар аз емес. Олар – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында өмірін қауіпке тігіп, Отан алдындағы антына берік болған нағыз ерлер.  Тәуелсіздік алған жылдан бері қызметтік борышын өтеу барысында 40 полиция қызметкері ерлікпен қаза тапты. Олар – бейбіт елдің тыныштығы үшін өмірін құрбан еткен нағыз қаһармандар. Біз ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің есімін мәңгі жадымызда сақтап, қайсарлық пен жанқиярлыққа толы ерліктерін кейінгі буынға үлгі етуіміз қажет. Бұл – әрбіріміздің қасиетті борышымыз. Болашақта да осы қасиетті міндетті абыроймен атқара беретіндеріңізге сенімдімін. Мамандыққа деген адалдықтарыңыз, тәртіп пен әділдікке қызмет ету жолындағы еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін! –  деді Марат Елеусізұлы.

    Бүгінде облыс әкімдігі тарапынан полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Аталған мерекеге орай облыс  басшысы полиция департаментіне қосымша 40 жаңа қызметтік автокөлік табыстап,  қоғам тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларына қашанда   қолдау  көрсетілетінін  жеткізді. Шара аясында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсібилігі мен антқа адалдығы үшін үздік қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық наградалар – медаль, төсбелгі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табысталды.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Қонаевта жазасын өтеушілер жасаған бұйымдар көрмесі өтіп жатыр

    Қонаевта жазасын өтеушілер жасаған бұйымдар көрмесі өтіп жатыр

    3 years ago
    Жол сапасы жақсарады

    Жол сапасы жақсарады

    3 weeks ago
    Қаламгерге құрмет

    Қаламгерге құрмет

    1 year ago
    Алматы облысының тұрғындарына ҮАААЖ бойында жүруге жеңілдік қарастырылған

    Жол – экономиканың күретамыры

    3 years ago
    Алматы облысында шыққан аяқ киімді еуропалықтар киіп жүр

    Алматы облысында шыққан аяқ киімді еуропалықтар киіп жүр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>