-13 °c
Qonaev
Friday, July 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үздік кинологтар анықталды

    03.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Қорғаныс
    Үздік кинологтар анықталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қараой елдімекенінде шекарашы кинологтардың халықаралық жарысы өтті. Мақсаты – жарылғыш заттарды табуға машықтанған иттердің иісшілдігін сарапқа салу, кинологтардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

    ҰҚК Шекара қызметі қызметтік кинология басқармасында өткен сайыстың бірінші күні әр елден келген командаларды таныстырудан басталды. Айта кетейік, бұл жарыс «BOMCA» – Орталық Азияда шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасы аясында осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Оның бірінші кезеңі биылғы жылдың сәуір айында Қырғызстанда өткен. Ол кезде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің кинолог мамандары есірткі заттарын іздеудің қыры мен сырын көрсетуге тиіс болатын. Ал біздің елімізде ұйымдастырылған сайыста командалар жарылғыш заттарды табумен бірге әділқазылар алқасының назарына өздеріне бекітілген қызметтік иттердің тәртібін паш етеді.
    Ашылу салтанатынан кейін коман­далар жүксалғыш пен ғимараттарға жасырылған жарылғыш заттарды іздеуге кірісті. Ал екінші күні автосынаққа кезек берілді. Бұл жерде қаз-қатар етіп қойылған көліктер шаңға, жанар-жағармайдың иісіне әбден бөккен. Сондықтан иттерге көліктің көзден таса жеріне жасырыл­ған жарылғыш заттарды табу оңай бола қоймайды. Қылмыскерлер де дәл осыған үміт артады, жарылғыш заттарын өткір иістің астына жасырып қалуға тырысады. Кейде кофе немесе аяқ киім кремдерінің арасына салады, иіссуды да аямай себеді.
    – Бүгін халықаралық жарыс ережелеріне сәйкес, нағыз жарылғыш заттар пайдаланылды. Тек мөлшері аздау, бұл да командаларға берілген тапсырманы қиындата түсті, – деді ҰҚК Шекара қызметі қызметтік кинология басқармасы бастығының орынбасары – штаб бастығы, подполковник Қуаныш Түменбаев.
    «BOMCA» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған турнирдің жоғары деңгейде өтуіне біз жауапты болғандықтан, оқу материалдарын дайындаудан бастап, барлығын қамтуға тырыстық.
    ҰҚК Шекара қызметі атынан өнер көрсеткен команда мүшелерінің бірі – Ерқабыл Құсайынов пен оның төрт аяқты досы Сурфат тапсырманы мүлтікіз орындап, халықаралық жарыстың чемпионы атанды. Сөйтіп, 1-орын – ҚР ҰҚК ШҚ қызметтік кинология басқармасының, 2-орын – ҚР ҰҚК «А» қызметі, 3-орын – Тәжікстан елінен келген команданың қанжығасына байланды. Әр номинация бойынша жеңімпаз болып танылғандарға арнайы сертификат беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды.

    Тамара Дәулетбаева,
    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Азиада алтынын велошабандоз еселеді

    Азиада алтынын велошабандоз еселеді

    2 years ago
    Тәжірибе алаңы

    Тәжірибе алаңы

    2 months ago
    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды

    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды

    2 years ago
    Қонаевта Көрісу күні тойланды

    Қонаевта Көрісу күні тойланды

    1 year ago
    Тәуелсіздікке тарту

    Тәуелсіздікке тарту

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>