-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік – біздің ең басты құндылықтарымыз

    10.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік – біздің ең басты құндылықтарымыз
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл жасап, бала ауыр жарақат алған еді. Оқиға орнына құзырлы органдар келгенше дер кезінде жеткен ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпті елемей, итке қарсы тұрып, оны бейтараптандырып, баланы өлім аузынан арашалап қалды. Бұл – нағыз азаматтық батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі.
    Серікбек Сақайбаевтың батылдығы елеусіз қалмады. Оған құрмет көрсету мақсатында арнайы марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек мырзаға Алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстады.
    Сонымен қатар, мерекелік жиынға аудандық полиция басқармасының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков арнайы келіп, Серікбек Сақайбаевқа Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды. Қарасай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов өз батасын беріп, бұл ерлік елге үлгі болатынын атап өтті.
    Бұл оқиға – әрбір азамат үшін үлкен сабақ. Қоғамдағы бейқамдық пен салғырттық адам өміріне қауіп төндіретіні анық. Заңсыз және бақылаусыз ит ұстау деректері анықталған жағдайда тұрғындар құқық қорғау органдарына немесе аудан әкімдігіне дереу хабарлауы тиіс.
    Қарасай ауданы әкімдігі Максимнің тезірек сауығып кетуін тілей отырып, бұл істі толық бақылауда ұстап отыр. Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік – біздің ең басты құндылықтарымыз.

    Қарасай ауданы әкімінің аппараты

    Ұсынымдар

    Жолға жауапты мамандар арнайы оқытудан өтті

    Жолға жауапты мамандар арнайы оқытудан өтті

    1 year ago
    Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілмек

    Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілмек

    2 years ago
    Алматы облысының спортшысы 8 дүркін әлем чемпионы атанды

    Алматы облысының спортшысы 8 дүркін әлем чемпионы атанды

    2 years ago
    Әкімдік жосықсыз мердігермен келісімшартты бұзды

    Әкімдік жосықсыз мердігермен келісімшартты бұзды

    9 months ago
    Облыста 19 тұрғынүй мен коммерциялық нысан заңсыз салынып жатыр – Прокуратура

    Алматы облысында бірнеше заңсыз құрылыс анықталды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>