-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тау туризмі – табысты сала

    14.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Парламент, Туризм және саяхат
    Тау туризмі – табысты сала
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         «AMANAT» партиясы атынан туризмді дамыту жөнінде Алматы облысы бойынша  қанатқақты  сапарға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты Талғар ауданында болды. Алдын ала жоспарланған бағдарламаға сәйкес,  халық қалаулылары аудандағы көрген жанның көз жауын алатын көрікті жерлерінің бірі – «Ой- Қарағай» тау курортын аралап көрді. Мұндағы мақсат – Шарын шатқалынан «Таңбалы тас» археологиялық кешеніне дейін ұзындығы 1200 шақырымнан асатын ұлттық соқпақ салу бойынша «Алатау аманаты» жобасын іске асыру.

        Экскурсияға Алматы облыстық мәслихаты әрі «АМАNАT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев, облыстық тәлімбағыш қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов, облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы, мәжілісмендер Айдос Сарым, Бақытжан Базарбек, Максим Рожин, Екатерина Смышляева, «KazAlpineClub» ҚБ біріккен тау қоғамдастығының өкілдері қатысты. Депутаттар тобы туристік соқпақтардың бағыттарын зерттеу үшін екі топқа бөлінді. Қуат Байғожаевтың айтуынша, бұл жоба ҚР Президентінің туризмді дамытуға жаңа серпін беретін тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Алматы облысының бұл тұрғыда орасан зор табиғи әлеуеті, туристердің көз жауын алып, назарын тартатын әдемі орындары бар.

    Зерттеу сапары «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Аюсай шатқалында басталып, Аюсай сарқырамасын аралау,  сұңқар тәлімбағыш көру, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына бару және соңғы нүктесі – «Ой-Қарағай» тау курорты  болды. Көрікті жерлерді зерттеу және тау шатқалының сұлулығын көру үшін қонақтар тауға көтерілетін арнайы жолдармен жүрді. Туризмді дамыту тұрғысынан аса маңызды экскурсияны туристік нысанның өкілдері өткізіп, курорттың жай-күйі мен  бағыттарды белгілеу туралы    егжей-тегжейлі айтып берді.

    «KazAlpineClub» ҚБ басқарма мүшесі Ерлан Смайыловтың айтуынша, «Алатау аманаты» жолы – біздің тауларымызды бойлай, шығыста Шарын шатқалынан, орталықта Алматы аймағы және батыста Қастек пен Таңбалыға дейін жаяу өтетін соқпақ. Бүгінгі күні оның тек Алматының орталық бөлігіндегі  кейбір бөліктері ғана әрекет етеді, шығыс пен батыста әр жерде салынған учаскелер бар. Бірақ соқпақтың біртұтас бағыты әзірге жоқ және «Алатау аманаты» жолы осыған айналуы тиіс.

    Соқпақтың жалпы ұзындығы радиалды жолды қоса есептегенде 1000 шақырымнан асады. Барлық бағытты күрделілігі әртүрлі учаскелерге бөлу жоспарланған. Негізгі бағыт Іле Алатауы жоталарының орман аймағынан өтеді. Теңіз деңгейінен ең жоғары асу биіктігі 3000 метрге жуық бұл соқпақ базалық дайындығы бар туристерге шығыстан батысқа қарай бағытты толық өтуге мүмкіндік береді. Бұл соқпақ жаяу жүргіншілерге, ал келешекте ат туризмі мен тау велосипедіне де қолжетімді болады.

    Дайындық деңгейі анағұрлым жоғары райдершілер үшін басқа бағыт альпинистік дайындықты талап ететін асулары бар биік тау жоталары арқылы өтеді. Бұл – анағұрлым күрделі сын-қатерлерді іздеп жүрген шетелдік және қазақстандық туристерді тартатыны сөзсіз. Бағыттар өткелдермен, сондай-ақ танымал туристік дистинацияларға – биік таулы көлдерге, сарқырамаларға, шыңдарға, жартастағы суреттерге, реликттік шатқалдарға радиалды соқпақтармен қосылатын болады. Негізгі орындарда қазірдің өзінде сапар орталықтары, этноауылдар, қонақүйлер, жылқы жалдау бекеттері және басқалары бар немесе алдағы кезде инвестициялар есебінен құрылатын болады.

    Әлемде жергілікті және шетелдік туристер белсенді түрде баратын мұндай соқпақтардың табысты мысалдары жеткілікті. Мысалы, American Discovery Trail соқпағының ұзындығы 10 994 шақырым. Ал ең ескі және танымал жаяу жүру бағыттарының бірі – Аппалач соқпағының ұзындығы Мэн штатынан Джорджия штатына дейін 3 500 шақырым. Ежелгі Ликияның Жерорта теңізі жағалауы бойындағы Ликия соқпағы – 540 шақырым. Солтүстіктен арал бойымен оңтүстікке қарай Хоккайдо табиғи соқпағының ұзындығы – 4 585 шақырым. Біздің соқпақ Қазақстандағы туризмнің тұрақты түрлері дамуының үлгісіне айналады және келешекте ауқымды оң әлеуметтік-экономикалық мультипликативтік әсерді қамтамасыз етеді.

    – Жоба кезеңдеріне сәйкес, соқпақтың ағымдағы жай-күйін далалық тексеруден кейін жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ бағыттар паспорттарын әзірлеу және келісу, рекреациялық жүктеменің стандарттары мен нормаларын бекіту, стационарлық базалар мен ұтқыр лагерьлердің персоналын, жолсерік-гидтерді даярлау қажет. Келесі жылы жолдарды абаттандыруға кірісу жоспарланып отыр. Бұл жерде, әрине, партияның, республикалық және жергілікті атқарушы органдардың қолдауы қажет болады. «Алатау аманаты» жобасын толыққанды іске асыру үшін осы салада құқықтық реттеуді әзірлеу және Туризм туралы заңға, сондай-ақ Жер, Су және Экологиялық кодекстерге өзгерістер енгізу талап етіледі. Мысалы, туристік соқпақтарды құқықтық реттеу қажет, – деді Ерлан Смайылов.

    Өз кезегінде халық қалаулысы Бақытжан Базарбек:

    – Бұрын біз туристік салаға көңіл бөлген жоқпыз, қазір Мемлекет басшысы Алматы өңірін туристік кластерге айналдыру жөнінде тапсырма берді. Ол үшін барлық қажетті алғышарттар бар. Осы бағытта жандану қажет. Біз, депутаттар да жұмыс істеуіміз керек, туристік соқпақтардың бағыттарын зерттеп қана қоймай, бір кездері түрлі жоғары лауазымды тұлғалар сатып алған жерлерді қайтарумен айналысуымыз керек. Қазіргі уақытта туризмді дамыту саласында көптеген инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту қажет,  – деп түйіндеді депутат.

    Мәжіліс депуттарының Талғар ауданына сапары сәтті аяқталды, қонақтар тау курортының келешегі зор деген қорытындыға келді.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Жер кадастры саласындағы коммерциялық қызмет цифрландырылды

    Жер кадастры саласындағы коммерциялық қызмет цифрландырылды

    1 year ago
    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    2 years ago
    Еселі еңбек жемісі

    Еселі еңбек жемісі

    7 months ago
    Облыстағы әр саланың үздіктері бір ұйым аясында бас қосты

    Облыстағы әр саланың үздіктері бір ұйым аясында бас қосты

    2 years ago
    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>