-13 °c
Qonaev
Saturday, July 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ваучерлік жүйенің артықшылығы неде?

    18.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Балабақша педагогтерінің жалақысы өседі

    Фото: abai.kz

    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына енгізілген ваучерлік қаржыландыру жүйесі ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің ерекше назарында. Жаңа жүйенің ерекшеліктері, артықшылықтары және практикалық жүзеге асу барысы жайында аз-кем ақпарат бөлісуді жөн көріп отырмыз.

    Бұл жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Бұйрықта ваучерлік қаржыландыруды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның барлық алгоритмдері мен іс-шаралар кестесі нақты бекітілген.

    Біздің Қонаев қаласындағы «Ақдидар» балабақшасында бұл жүйе 2025 жылдың мамыр айынан бастап түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, маусым айында іске қосылды. Жобаның ең басты ерекшелігі, ақша баланың артынан жүреді. Яғни, бұрынғыдай мемлекеттік тапсырыс белгілі бір балабақшаға бекітілмейді. Ата-ана өзі қалаған балабақшаны таңдайды, ал қаржыландыру автоматты түрде сол таңдалған ұйымға түседі. Бұл ашықтық пен бәсекелестікті арттырып, сапаны күшейтуге ынталандырады.

    Ваучерлік жүйе қалай жүргізіледі деген сауалға келсек, алдымен ата-ана баланы электронды жүйе арқылы кезекке қояды. Жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарай 21 санат бойынша кезек қалыптасады. Жергілікті атқарушы орган бюджеті шегінде ваучер беріледі. Ваучер алғаннан кейін ата-ана жүйеден екі күн ішінде балабақша таңдап, электронды келісімшарт жасайды. Егер орын болмаса, күту парағына тұрып, басқа балабақшаға уақытша бара алады.

    Осы тұста күту парағына тоқталсақ дейміз. Күту парағы – қалаған балабақшада орын болмаған жағдайда тіркелетін жүйе. Ата-ана күнде бос орынды қадағаламай-ақ, жүйе арқылы орын босаса, шақырту алады. Әдетте, ата-аналар тарапынан ең көп қойылатын сұрақтар ваучерді қалай алу, бала қалаған бақшаға бара алатын-алмайтыны, бос орын болмаса не істеу керегі, күту парағы жайында өрбиді. Біз оларға толық түсіндірме жүргіземіз. Күту парағына тұру мүмкіндігі бар, бос орын пайда болғанда автоматты түрде хабарлама жіберіледі.

    Қазіргі уақытта балабақшаға 82 бала ваучермен қабылданды. Бұл көрсеткіш күн сайын өсіп келеді, өйткені ата-аналар жүйенің әділдігі мен ыңғайлылығына көз жеткізе бастады. Бұл өңірлік көрсеткішке де байланысты. Әр өңір жергілікті атқарушы орган бекіткен бюджет шегінде ғана балаларды қамтиды. Сондықтан барлық кезекте тұрған балаларға ваучер беріледі деген кепілдік жоқ.

    Қазір мемлекеттік тапсырыспен келіп жүрген балалардың жағдайына келсек, олар автоматты түрде ваучерлік жүйеге ауысады, ата-анасына қосымша өтініш берудің қажеті жоқ. Ал жаңа балабақшалар ваучерлік жүйеге кіру үшін қажетті құжаттарды жинап, жергілікті атқарушы органға өткізеді. Комиссия барып, тексереді. Сәйкес келген жағдайда балабақша жүйеге енгізіледі. Жүйеге төлем жасау жолы балалардың қатысу табелін 15-нші күнге дейін толтырып, жергілікті атқарушы органмен «Қаржы орталығы» АҚ-на тапсыру арқылы жүзеге асады. Ары қарай қызмет көрсетілген күндерге қарай төленеді.

    Жаңа жүйе әділдік пен ашықтыққа негізделген. Бұрын кей жағдайда кезекке тұруда адам факторы, субъективтілік байқалса, қазір бұл толықтай жойылды. Балалар әлеуметтік мәртебесі мен жасына қарай автоматты түрде кезекке қойылады, ата-ана балабақшаны өзі таңдайды. Сонымен қатар, жаңа балабақшалардың жүйеге кіруі жеңілдеді, конкурстық талап жоқ, тек сәйкестік талаптары сақталуы тиіс.

    Егер бұл механизм толығымен барлық өңірлерде іске асса, онда мектепке дейінгі білім беру саласында сапа мен жауапкершілік айтарлықтай артады деп санаймыз. Балабақшалар бәсекелестік ортада жұмыс істеуге бейімделеді, ал ата-аналар нақты таңдау жасауға мүмкіндік алады. Бұл, сайып келгенде, баланың игілігіне қызмет ететін жүйе деп ойлаймын.

    Қорыта айтқанда, жаңа жүйе – мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын жандандырып, ата-аналардың сенімін арттыруға бағытталған тың бастама. Енді әрбір бала – нақты бақылауда, ал балабақшалар өз мүмкіндігін дәлелдеуі тиіс. Бұл бағыт – баланың болашағына салынған маңызды инвестиция.

    Наркес САСЕНОВА,

    «Ақдидар» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қызылшаға қарсы иммунитетті күшейту шаралары жасалып жатыр – ДСМ

    608 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

    2 years ago
    Ауылшаруашылығы саласы өкілдерінің мәселелерін тыңдады

    Ауылшаруашылығы саласы өкілдерінің мәселелерін тыңдады

    2 years ago
    Сапалы білім, саналы тәрбие –   ел дамуының кепілі

    Сапалы білім, саналы тәрбие – ел дамуының кепілі

    1 year ago
    Газдандыру қарқын алады

    Газдандыру қарқын алады

    6 months ago
    Алматы облысының зілтемір үздіктері анықталды

    Алматы облысының зілтемір үздіктері анықталды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>