🌫️
-3°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 29, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жастарға керегі – заң мен тәртіп

    23.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Жастарға керегі – заң мен тәртіп
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Мемлекет басшысы өткен жылғы халыққа жолдауында елді «Заң мен тәртіп» қағидатын біржола орныққан, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруға шақырды. Өз сөзінде азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл ұлттың ұпайы түгелдігін баса айтты. Президент үндеуі аясында Алматы облысы жастарымен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. 

    Биыл «Заң мен тәртіп үстемдігі – тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында 20-дан астам кездесу ұйымдастырылып, 1000-ға жуық жас қамтылды. Бұл шара елдің болашағына кесел келтіретін нашақорлық, есірткі саудасына қарсы күресті күшейтті. Вандализм, луномания сынды теріс әрекеттерден сақтауда маңыздылығы зор болды, – дейді ұйымдастырушылар.

    «Бұл жұмыстар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен қоғамдық тәртіптің, азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында нәтижелі кездесулер өткізілді. Онда осы бағытта жастарға терең ой салатын сала майталмандары шақырылды. Мұндағы мақсат – жастардың ережеге бағынып, тәртіпті болуға бағыттау. Олар өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әрекеттерден арылуы керек», – дейді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашев.

    Басқосулар аймақтың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылды. Онда Полиция департаменті, прокуратура, антикор қызметкерлері, сала ардагерлері шақырылды. Жастармен сұхбатында өз ісінің кәсіби мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларды кез келген заңсыздықтан сақтануға шақырды. Заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қалыптастыру жолдарын да түсіндірді.

    «Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттердің бірі. Бұл салада талай жыл еңбек сіңірдік. Ел арасында іріткі салатын, қоғамға қауіп төндіретін құқықбұзушылық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ол үшін аға буын тәрбиесі аса маңызды. Әрбір заңға қайшы жағдайлардың салдары, жазасы болады. Мұны жастар ұғынуы қажет. Өйткені, оның азаматтардың келешегіне ғана емес, ұлттың тағдырына тікелей әсері бар», – дейді полиция ардагерлерінің төрағасы Қалижан Алпысбаев.

    Заң мен тәртіп аясындағы жиындарға Алматы облыстық прокуратурасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіберік Әділбеков, облыс прокурорының көмекшісі-бөлім бастығы Алмас Жалгасов қатысып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Тіленшин, Полиция департаменті және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Жанар Көптілеуова сынды білікті мамандар шақыртылды. Олар жастармен еркін форматта тілдесіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлесін қосты.

    Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Бюджет есебі тыңдалды

    Бюджет есебі тыңдалды

    6 months ago
    Балалар қуанған күн

    Балалар қуанған күн

    6 months ago
    Министрлік: Қазақстанда жанармай қымбаттайды

    Алматы облысында жанармай бағасы бақылауға алынды

    3 years ago
    Тамаша ойын алаңы

    Тамаша ойын алаңы

    1 month ago
    Тәуелсіздік күніне орай дзюдодан турнир өтті

    Тәуелсіздік күніне орай дзюдодан турнир өтті

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>