-13 °c
Qonaev
Friday, August 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Ауыл Аманаты»: ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған кешенді шаралар

    11.08.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Парламент
    «Ауыл Аманаты»: ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған кешенді шаралар
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          2023 жылдан бастап «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Алматы облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Осы кезеңде жалпы сомасы 10,76 млрд теңгені құрайтын үш шарт жасалды. Бұл туралы «Қонаев» ӘКК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Диас Шаяхметов баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.
    Ауыл шаруашылығы кешені саласындағы кредиттік бағдарлама 2023 жылдан жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы 15,0 млрд теңге бөлініп, 13 несие берілсе, 2024 жылы 5,0 млрд теңге бөлініп, 2 несие берілген. Ал биылғы жылы 8,0 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс.
    « 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 2024 жылы бөлінген қаражат есебінен екі жоба қаржыландырылды. Атап айтар болсақ, 301,6 млн теңгеге 5 018 бас асыл тұқымды ұсақ мүйізді мал және 4 698,4 млн теңгеге 6 189 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды»,- деп айтты спикер.
    «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы 2025 жылдың сәуір айынан бастап іске қосылған «Кен Дала-2» бағдарламасы шеңберінде жұмыстар атқарылуда. Аталмыш бағдарлама аясында, көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарына арналған айналым қаражатын толықтыру мақсатында 2,0 млрд теңге бөлінген. Бүгінде 6 жоба қаржыландырылып, жалпы 11 588 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары себілді. 2025 жылғы 29 шілдеде қосымша 1,0 млрд теңге тартылып, 594,9 млн теңге сомасына 2 несие берілген.
    «Алматы облысында өсімдік шаруашылығын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған жоспары 2023 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Қоғамның жарғылық капиталын арттыру арқылы 3,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы егістік жерлердің көлемін ұлғайтуға және инвестициялық жобаларды арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда 10 серіктеспен бірлескен қызмет туралы шарт жасалып, қаражат толық игерілді»,-деп толықтырды Диас Шаяхметов.
    Айта кету керек, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қосымша 1 серіктеспен жаңбырлатқыш техника сатып алуға 204,7 млн теңгеге келісім жасалып, 120 гектар алқапты суару қамтамасыз етілді.
    2025 жылдың екінші жартыжылдығында республикалық бюджеттен «Ауыл Аманаты» бағдарламасына – 2,5 млрд теңге, ауыл шаруашылығы кешенін кредиттеу бағдарламасына – 8,0 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.

    Ұсынымдар

    Энергетиканы еселейді

    Энергетиканы еселейді

    12 months ago
    Парасаттылық танытайық

    Парасаттылық танытайық

    9 months ago
    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    1 year ago
    Шекаралық аймақтар қолдауға мұқтаж

    Шекаралық аймақтар қолдауға мұқтаж

    2 weeks ago
    Қателесуге жол жоқ

    Қателесуге жол жоқ

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>