⛅
5°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Салқын самал сыйлаған

    23.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Салқын самал сыйлаған
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Аптап ыстықта конди­ционердің қадірін жақсы түсінетін болдық. Бірақ сол салқын ауаға кімнің тері сіңіп, қанша еңбек жұмсалғанын көпшілік біле бермейді. Біз бүгін осы салада тынымсыз еңбек етіп келе жатқан білікті маман, бес баланың әкесі Мақсат Сауытжанұлының кәсіби жолымен таныстық.

    Мақсат 2011 жылы базалық станса­ларға кондиционер орнатумен айналысатын TSA компаниясына жұмысқа тұрады. Сол жерде Шыңғыс есімді әріптесінен кондиционермен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеді. Бастапқыда барлығы оңай болмаған. Бірақ ол еңбектенді, ізденді, шыңдалды. Соның арқасында білікті маманға айналды.
    Бес жылын осы компанияда өткізіп, шеберлігін шыңдаған соң өз алдына жеке жұмыс істеуге бел буады. Қазір ол Samsung, LG, Almacom, Midea, Gree, Ballu секілді сапалы әрі қолжетімді брендтермен жұмыс істейді.
    «Бүгінгі таңда инверторлы модельдерге сұраныс жоғары. Себебі олар дыбыссыз жұмыс істейді, энергияны үнемдейді және пәтердің интерьеріне үйлеседі. Бірақ өкінішке қарай, тұтынушылар кейде сыртқы сипаттамасы мен шынайы салқындату көлемі сәйкес келмейтін арзан кондиционерге қызығып жатады», – дейді Мақсат.
    Кей жағдайда адамдар үй көлеміне сәйкес келмейтін кішігірім құрылғыны таңдайды. Мұндайда мамандар бөлме 25 шаршы метр болса, кемі 35 шаршы метрге арналған кондиционерді алуға кеңес береді. Себебі қуат жеткіліксіз болса, құрылғы ұзаққа бармайды. Жиі кездесетін ақаулардың бірі – құрылғыны тәжірибесіз адам орнатып, фреонның сыртқа шығып кетуі. «Осындай жағдайда клиенттер бізді қайта шақырып, қосымша шығынға батады. Сол себепті кәсіби маманға жүгінген дұрыс», – дейді ол.
    Мақсаттың айтуынша, кондиционер орнатудағы ең қиын жұмыс – темірбетон қабырғаларды бұрғылау, көп қабатты үйлердің сыртына монтаж жасау.
    – Ондай кезде қауіпсіздік белбеуін тағамыз, қажет болса альпинист қызметін шақырамыз. Тоқпен және биіктікте жұмыс істеу – аса мұқияттылықты қажет етеді, – дейді маман.
    Жаз маусымында кондиционерге сұраныс күрт артып, шеберлерге қол жеткізу қиынға соғады әрі баға да қымбаттай түсетіні анық. Сондықтан Мақсат суыту құрылғысын күз, қыс немесе көктем айларында орнатқан әлдеқайда тиімді әрі ыңғайлы екенін айтады Бұл – уақытты да, қаражатты да үнемдейді.
    – Пәтерге жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда кондиционерді сантехника мен электр жүйесінен бұрын орнату қажет. Себебі қабырға ішінен жасырылған құбырлармен орнатылған құрылғы – эстетикалық әрі техникалық тұрғыдан ең дұрысы. Бұл жөнінде кейін өкініп жататын клиенттер көп, – дейді маман.
    Әңгіме барысында Мақсат конди­ционер орнатумен іс бітпейтінін, оны жүйелі түрде тазалап, уақытылы тексерістен өткізу қажеттігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл – құрылғының ұзақ әрі сапалы жұмыс істеуіне ықпал ететін маңызды қадам. Жылына кем дегенде бір рет, әсіресе дүкенде, кеңседе, сауда орындарында сервистік қызмет көрсетілуі керек. Өйткені мұндай нысандарда шаң-тозаң көп жиналатынын, ал тазаланбаған құрылғының дұрыс жұмыс істемей, артық қуат жұмсап, тіпті кепілдік мерзіміне жетпей істен шығуы мүмкін екенін ескертеді.
    Мақсат өз жұмысын әрқашан мақтан тұтады. Оның орнатқан конди­цио­нерлері мыңдаған адам­ның үйіне салқындық сыйлап тұр.
    – Бірде ұлым менен Месси мен Роналду қанша гол салғанын сұрады. Мен: «Олардың голын білмеймін, бірақ осы уақыт ішінде 2-3 мың кондиционер орнаттым. Әрқайсысы халық игілігіне жарап, ақысын да, алғысын да алып жатырмын» деп әзіл-шыны аралас жауап бердім, – дейді ол.
    Қазіргі таңда Мақсат білгенін жастарға үйретіп жүр. Олар да осы кәсіп арқылы өз отбасыларын асырап, тіршіліктерін дөңгелетіп отыр. Бірі монтаж жасаса, енді бірі сервистік қызмет көрсетуге маманданған. Бұл – тек кәсіп қана емес, өмір сүру салтына айналған мамандық. Алдағы уақытта ол осы салада кәсіби мамандар даярлайтын орталық ашып, үлкен істі жүйелі түрде дамытқысы келеді.
    Мақсат секілді мамандардың күнделікті еңбегі арқасында үйлеріміз салқын, кеңселеріміз жайлы, сауда орындары ыңғайлы. Өз ісіне берілген осындай шеберлер көп болса, еңбек қадірін түсінетін қоғамға айналарымыз сөзсіз.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта “Халық қатысатын бюджет” жобасына қанша қаржы бөлінді?

    Қонаевта “Халық қатысатын бюджет” жобасына қанша қаржы бөлінді?

    2 years ago
    “Ел қорғаны” медалімен марапатталды

    “Ел қорғаны” медалімен марапатталды

    2 years ago
    “Ділмәр” республикалық шешендік өнер байқауы өтті

    “Ділмәр” республикалық шешендік өнер байқауы өтті

    2 years ago
    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    9 months ago
    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>