⛅
-0°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын зауыт ашылды

    22.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын зауыт ашылды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қазыбек бек ауылында «QazElastoPlast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автокомпоненттер мен автоаксессуарлар шығаратын жаңа зауыты іске қосылды. Жоба толықтай жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды.

    Аумағы 1000 шаршы метр болатын кәсіпорын құрылысына 600 миллион теңге инвестиция салынды. Зауыт жылына 300 мыңнан астам жиынтық өнім шығаруға қауқарлы. Негізгі өнімдер қатарына термоэластопласттан жасалған кілемшелер, резеңке тығыздағыштар, балшыққағарлар және өзге де автокомпоненттер кіреді. Қазіргі уақытта кәсіпорын Hyundai маркасының үш моделіне арналған бөлшектерді шығаруда, алдағы кезеңде өнім түрлерін кеңейту көзделіп отыр.

    Зауыт директоры Абылай Жәкішевтің айтуынша, бұл – Қазақстандағы автокомпонент өндіруді алғаш қолға алған кәсіпорын.

    «Қазіргі таңда біз көліктерге арналған кілемшелерді шығарудан бастадық. Модельдік қатар әзірге үш үлгіден тұрады. Алдағы жылы олардың санын 100-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

    Салтанатты шараға «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысып, қызыл лентаны қиды. Сондай-ақ екіжақты меморандумға қол қойылып, зауытта өндірілген өнімді отандық автокөлік құрастыратын зауыттарға жеткізу жөнінде келісім жасалды.

    «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев бұл серіктестіктің маңызына тоқталды.

    «Бұл бастама бізге қажетті бөлшектерді шетелден әкелмей, өз елімізде өндірілген өнімді қолдануға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта іске қосылатын жаңа зауыттарымыз үшін де қажетті бөлшектерді осы жерден алуды жоспарлап отырмыз», – деді ол.

    Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев зауыттың өңір экономикасына қосар үлесін атап өтті.

    «Бұл өндіріс орны ауданымыздың өнеркәсіп саласын дамытуға серпін береді. Қазыбек бек ауылдық округінде жалпы көлемі 960 гектарды құрайтын индустриялық аймақ құру жоспарлануда. Қазіргі уақытта оның инфрақұрылымын тарту бойынша конкурс жарияланды», – деді ол.

    Бүгінде зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, олардың орташа айлық жалақысы 200 мың теңгеден басталады. Алдағы уақытта жұмыс орындарының саны ұлғаяды деп күтілуде. Сонымен қатар кәсіпорын шикізатты Ресейден ғана емес, Өзбекстаннан да жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл қадам логистикалық шығындарды азайтып, өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Жаңа зауыттың іске қосылуы аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, импортты алмастыруға және отандық автоөнеркәсіптің дамуына тың серпін бермек.

    Ұсынымдар

    Өлеңмен өрілген

    Өлеңмен өрілген

    9 months ago
    Тәжірибе алмасты

    Тәжірибе алмасты

    11 months ago
    Алдаспаны еді айтыстың

    Алдаспаны еді айтыстың

    3 months ago
    Құн салығы неге көтеріледі?

    Біз – әлеуметтік мемлекетпіз…

    9 months ago
    Заңсыз отшашу — өртке себеп болмасын

    Заңсыз отшашу — өртке себеп болмасын

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>