⛅
-3°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бала – бақытымыз!

    28.08.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Бала – бақытымыз!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Нарынқолда ауыл азаматтары құрған қордың жұмыс істей бастағанына екінші жылдың жүзі болды. Ақ ниет, ыстық ықылас, шынайы тілекпен қолға алған игі іс жүректерге жол тауып, көңілдерді көкке самғатуда.

    «Нарынқол азаматтары» қорының мақсаты – ауылдағы аз қамтылған, көпбалалы, күнкөрісі төмен, тағдырдың жазуымен қиындыққа тап болған отбасына қамқор қолын ұсынып, қаржылай көмек көрсету. Сөйтіп қиындықты аз да болса жеңілдетудің жолын табу. Қордың салымшылары – кәсіпкерлер және ауылдың барша тұрғындары. Оларды ешкім үгіттеп немесе мәжбүрлемейді. Әркім өз қалауымен шама-шарқынша үлес қоса алады. Қор жұмыс істеген уақыттан бері оның игілігін көргендер ауылда көптеп саналады.
    Жуырда аталған қор тағы бір сауапты іске мұрындық болды. Жыл сайын жаңа оқу жылына санаулы күндер қалғанда «Мектепке жол» акциясы басталатыны белгілі. Биыл осы бір шарапатты шараға «Нарынқол азаматтары» қоры өз тарапынан лайықты үлес қосты. Атап айтқанда, аудан орталығындағы 3 мектепке баратын 60 оқушыға сөмке, түрлі пәндерге арналған дәптер, қалам, басқа да оқу құралдарын сыйға тартты.
    Осылайша балалардың жүректерін демдеп, көңілдеріне қуаныш сыйлады. Денсаулықтары зор болып, сапалы білім, саналы тәрбие алуларына тілектестік білдірді.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Смайылов: Жетісу облысының транспорт-логистикалық әлеуеті зор

    Смайылов: Жетісу облысының транспорт-логистикалық әлеуеті зор

    3 years ago
    Ұйым жұмысы сараланды

    Ұйым жұмысы сараланды

    10 months ago
    Тың жоба

    Тіл – рухани байлығымыз

    3 days ago
    СТУДЕНТТЕР ФИЛИАЛ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    СТУДЕНТТЕР ФИЛИАЛ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    12 months ago
    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    Тазалықты сақтау тәрбиеге үйретеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>