❄️
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тауық өсіру – табысты кәсіп

    30.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Тауық өсіру – табысты кәсіп
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Табыстың көзі ретінде тауық өсіру – көптеген кәсіпкерлерді қызық­тыратын тақырып. Бір жағынан, бұл әсіресе ауылдық жерлерде өз ісін бастаудың салыстырмалы түрде арзан және қолжетімді тәсілі. Екінші жағынан, оны табысты жүргізу үшін де көптеген дағдыны меңгеру және белгілі бір қиындықтарға дайын болу қажет.

    «Әлима» шаруа қожалығының иесі Рашид Рысқұловты кәсіпкерлер санатына жатқызуға болады, алайда бүгінгі таңда оның бизнесі анағұрлым ауқымды. Шаруашылықта 7 мыңға дейін түрлі тұқымды тауық пен бөденелер, сондай-ақ 80 бас ірі қара малы бар.
    Рашидтің өзі – бұрынғы әскери қызметші, И. Конев атындағы Әскери академияны бітіріп, Қапшағай гарнизонындағы № 58012 әскери бөлімінде біраз жыл қызмет еткен. Кейіннен бизнеспен айналысуды ұйғарған.
    Өмірлік жары Әлима болса, балық өндірісінің технологы мамандығын меңгергенімен, оған сұраныс болмай, табылған жұмысты істеп, нәпақа тауыпты. Содан да болар, өз кәсібімізді ашайық дегенде, бірден қолдау көрсетеді. Сөйтіп, өздері тірнектеп жинаған 85 миллион теңгеге отбасылық жұп Қайнар ауылдық округіне қарас­ты Жалқамыс ауылынан 42 гектар ауылшаруашылық мақсатындағы жер сатып алады.
    Қожайындардың айтуынша, олар сатып алған жер телімі құнарлы алап екен. Оған дейін мұнда шаруа қожалығы болған көрінеді. Онда қырғауылдар өсірілген, жылыту қазандығы мен электр қуатын жеткізетін қосалқы станса болған. Қазір ол көп күтімді қажет ететін жалаңаш дала. Сондықтан да оның қазіргі қожайындарының алдында жерді мақсатына қарай қалай пайдалану керектігі туралы мәселе туындайды. Бірақ бұрын бұл жерде қырғауыл өсірілгендіктен, олар бірден соған ұқсас кәсіп – тауық өсірумен айналысамыз деп шешеді. Әрине, бизнесті бастаудың алғашқы кезеңінде біраз шығын шығаруға тура келеді. Құс өсірелетін қораны жабдықтау, қажетті құрал-сайман, жем-шөп, құс басын сатып алу – осының бәріне қомақты қаржы салынады.
    Кәсіпкер басында 10 гектар жерге құс фермасын салып, жұмыртқа өндіретін 850 бас тауықты күтіп-баптайтын сарай орнатты. Екінші бөлігінде 700 бөдене, ал соңғысында 2 мыңнан астам бройлер тұқымды балапан өсіремін деп шешті. Шаруашылықта тек екі қосалқы жұмысшы ғана жұмыс істейді, олар тауықтарға арналған азықты өсіреді және дайындайды.
    – Біздің беретін азықтарымыз көбінесе табиғи, біз тауықтарға жүгері, жоңышқа, арпа, соя, күнбағыс күнжарасын береміз, – дейді құс фермасының иесі.
    Кәсіпкер өз жерінде жем-шөп дақылдарын өсіргісі келеді, бірақ, өкінішке қарай, тиісті техника мен жұмыс күші қажет. Ферма алыс орналас­қандықтан, ешкім де шаруа­шылыққа жалданып жұмыс істеуге барғысы келмейді. Бұл жеке кәсіп иесі үшін ауқымды мәселе. Жалпы барлық жұмыспен дерлік Рашид өзі айналысады. Сол себепті көп уақытын құс фермасында өткізеді, азық әкеледі, құстарды күтіп ұстау, жағдайы­ның жайлы болуын қадағалайды. Ал өндірілген өнімдерін Алматы базарларында сатады, көтерме сауда арқылы өткізеді және бөлшек саудаға да ұсынады.
    – Бизнестің бұл түрімен айналысу қиын, бірақ кірісі мол іс. Құстардың аз санынан бастап, өндірісті біртіндеп кеңейтуге болады. Өйткені өнім ешқашан өтпей қалмайды. Жұмыртқа мен тауық еті, бөдене – нарықта әрдайым сұранысқа ие. Жалпы, өз кәсібімізді ашуға 250 миллион теңге жұмсалды, бірақ бұл салынған қаражат әрдайым өзін-өзі ақтайды. Келешекте бизнесті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Бала құқығы — басты назарда

    Бала құқығы — басты назарда

    2 years ago
    Бақытжан Атагелдиев: Алыптар өнегесі арманыма жол ашты

    Бақытжан Атагелдиев: Алыптар өнегесі арманыма жол ашты

    1 year ago
    Жалпыұлттық диалогтың айқын көрінісі

    Жалпыұлттық диалогтың айқын көрінісі

    1 year ago
    Еңбекқорлық пен спорттық табандылық

    Еңбекқорлық пен спорттық табандылық

    2 months ago
    Алматы облысында колонияға тыйым салынған зат кіргізбек болған азамат ұсталды

    Алматы облысында колонияға тыйым салынған зат кіргізбек болған азамат ұсталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>