❄️
-1°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлық тұтар ұлы заң

    03.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ұлық тұтар ұлы заң
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қазақ – ықылым заманнан бері еркіндік пен елдік үшін күрескен халық. Ұлы дала төсінде ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен мемлекеттігін қалыптастырған, хандар мен билердің шешімімен тағдыр таразысын тең ұстаған жұрт.

    Биыл ел тағдырын айқындаған, елдік негізді бекемдеген Ата Заңымызға – 30 жыл! Осы мерекеге орай Кеген аудандық Мәдениет үйінде «Айбарлы, асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты салтанатты жиын өтті. Шара Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды. Өңір әкімі Нұрбақыт Теңізбаев аудан халқын Конституция күнімен құттықтады.
    – Біз әрдайым Ата Заңымызды құрметтейміз. Ата-бабаларымыз сан ғасыр аңсаған Тәуелсіздігіміздің бірден-бір маңызды құжаты ретінде құрметпен қараймыз. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа Конституцияның құндылығын дәріптейміз. Білім шаңырақтарында оқушыларға берілетін тәлім мен тәрбие ісінде, мәдени, спорттық шараларда Ата Заңымыздың аясында жастарға патриоттық, отансүйгіштік тәрбие берудің мәні мен маңызы ерекше. Біздің болашығымыз – білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан жастар. Тәуелсіз мемлекетіміздің де тірегі мен тілеуі солар. Біз Ата Заңымызды құрметтесек, заң аясында өмір сүрсек, Тәуелсіз еліміздің мықты да мығым болары сөзсіз. Ата Заңымыз ардақталып, Тәуелсіздігіміздің Көк Туы аспанда мәңгі желбірей берсін! – деген аудан басшысы Ата Заңға енген өзгерістер мен өңірдің дамуы барысында атқарылып жатқан игілікті істерді атап өтті.
    Конституция күніне орай, кәсіпкер Жұмабек Бірімтаевқа Кеген ауданының Құрметті азаматы атағы берілсе, «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі тоғызқұмалақтан спорт шебері, жаттықтырушы Күлсін Қызайбекқызына табысталды. Сондай-ақ әртүрлі салада аудан дамуына үлес қосқан Дархан Нұрасылұлы, Бибігүл Айтжанқызы, Салтанат Қожахметқызы, Олжас Рамазанов, Біржан Әбікенұлы, Қарлығаш Сарыбаева, Әлия Тоқтамбеков, Гүлбаршын Әлімжанова, Дәурен Рахымжанұлы, Қуаныш Дәкенбайұлы, Талшын Жақыпжанқызы, Ерсін Қамырханұлы, Еламан Естеуханұлы, Айгүл Базарбаева сынды бірқатар азамат облыс, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталды. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған Шөмішбаевтар мен Асановтар отбасыларына облыс әкімінің Алғыс хаты және 150 мың теңге ақшалай сертификат табысталды. Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында 16 жасқа толған Мирас Жақсылықұлы, егіздер Альбина мен Зарина Бексұлтанқыздарына Қазақстан Республикасының төлқұжатын аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы табыс етті.
    Мерекелік шарада Кеген аудандық прокуратурасының прокуроры Ерасыл Нұрғалиұлы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Көпжасар Нұрлыбай, аудан жастары атынан Бөлексаз ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Айғаным Тұрғынбайқызы сөз алып, мерекемен құттықтады.
    Шара соңында көпшілік қауым «Туған жерім – тұғырым» атты аудан көркемөнерпаздарының театрландырылған көрінісі мен концерттік бағдарламасын тамашалап, ерекше әсерге бөленіп қайтты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта әр сенбіде азық-түлік тауарлары жәрмеңкесі өтеді

    Қонаевта әр сенбіде азық-түлік тауарлары жәрмеңкесі өтеді

    3 years ago
    Дарынымен дараланған

    Дарынымен дараланған

    1 year ago
    Қарқараның емес, қазақтың Қожекесі

    Қарқараның емес, қазақтың Қожекесі

    3 years ago
    Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мерекесі – Көрісу күні

    Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мерекесі – Көрісу күні

    3 years ago
    Президент: Конституциялық реформ арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды

    Президент: Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру қажет

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>