[um_weather city="Қонаев"]
Жексенбі, Қаңтар 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖОЛ АШҚАН ЖАН

    04.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖОЛ АШҚАН ЖАН
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

    Қонаев қаласының, сонымен қатар Арна ауылының жұртшылығына жақсы таныс есім – Патшабай Қуаныш Әбілмәжінұлы. Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылының тумасы бүгінде жеке кәсіпкер ғана емес, мұқтаж жандардың шынайы жанашыры. Ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азамат ретінде ол жұртшылықтың шексіз алғысына бөленіп отыр.

    Патшабай Қуаныш жыл сайын республикалық «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып, облыс орталығының, сонымен қатар жақын орналасқан ауылдардың бірқатар баласын мектепке жинауға көмектеседі. Оқушыларға оқу құралдарын, мектеп формасын, спорт киімдерін алып беріп, балалардың қуанышы мен сенімін арттырып, олардың сапалы білім алуына жол ашуда.

    Арна ауылының №2 орта мектебінің директоры Айбар Тұрарұлы Билибаев ұжым атынан ризашылығын білдіріп:

    -Сіздің демеушілігіңіз тек материалдық көмек емес, бізге үлкен жігер береді. Осындай игі бастамалар әр баланың болашағына бағытталған шынайы қамқорлықтың көрінісі, – деп жүрекжарды лебізін жеткізіп, Алғыс хат табыс етті.

    Халқымыздың «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер болмайды» деген дана сөзі бар. Бүгінде осы сөздің нақты үлгісін Патшабай Қуаныш Әбілмәжінұлының еңбегінен көруге болады. Ол – тек демеуші ғана емес, ұрпаққа үлгі, елінің адал ұлы. Өзі де көпбалалы әке.

    Мұндай азаматтардың арқасында «Мектепке жол» акциясы жыл сайын көптеген оқушының жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына мүмкіндік беріп келеді. Бұл – ел болашағы саналатын жас буынға жасалған ең үлкен инвестиция.

    Осындай қайырымды жандардың қамқорлығы – болашаққа деген сенімді күшейтеді. Өскелең ұрпақтың жанарына қуаныш ұялатып, білім жолындағы талпынысын арттыру – тек бір отбасының емес, бүтін бір ұлттың болашағына қосылған үлес.

    Патшабай Қуаныш Әбілмәжінұлының ерен еңбегі мен елге деген шексіз махаббаты – адамдық пен азаматтықтың биік үлгісі. Мұндай азаматтары бар ел ешқашан еңсесін түсірмейтіні анық. Патшабай Қуаныштай елжанды ерлеріміз аман болсын, қайырлы істері көбейе берсін!

    Айна Мұқанова

    Ұсынымдар

    Тұтынушылық тауарларға қатысты жаңа техникалық регламенттер қабылданды

    Тұтынушылық тауарларға қатысты жаңа техникалық регламенттер қабылданды

    12 months ago
    Жеткіншектер жеңіске таласты

    Жеткіншектер жеңіске таласты

    2 years ago
    Үш дүркін  әлем шыңын бағындырды

    Үш дүркін әлем шыңын бағындырды

    10 months ago
    Ұлттық құндылықтар ұлтты біріктіреді

    Ұлттық құндылықтар ұлтты біріктіреді

    2 years ago
    Батыр атындағы белдесу

    Батыр атындағы белдесу

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>