☀️
-2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Іс тетігін тапқан

    20.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Іс тетігін тапқан
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        «Ауыл аманаты» бағдар­ламасы Райымбек ауданындағы нәсібін кәсібімен тапқысы келетіндердің қолдауына кеңінен ие болып отыр. Қазір атал­ған бағдарлама арқылы төменгі пайызбен несие алып, кәсібін бастаған азамат­тар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың игілігін көріп, жетістігін өңір тұрғындарының пайдасына жаратуда.

    Сүмбе ауылының тұрғыны, ордабұзар 30-ға енді ғана келген Фарух Амутов та – кәсібін «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы өрістетіп отырған жандардың бірі. Өткен жылы заманауи құрылысқа арналған кірпіштер шығаруды мақсат еткен ол кәсіптік бағдарламасын сәтті қорғады. Нәтижесінде 2,5 пайызбен 2 млн 255 мың теңгеге қол жеткізді. Алған қаражатын төгіп-шашпай, ең алдымен ауыл шетінен жұмыс жүргізуге қолайлы орын сатып алды. Айналасын кірпіш құятын арнайы қондырғыларға, қажетті шикізаттарға лайықтап ретке келтірді. Алматыдан кірпіш құюға, бетон шылауға арналған қондырғылар мен көлемі әртүрлі қалыптар сатып әкелді. Кірпішке қажетті құм мен қиыршықтарды да 350 шақырым жердегі зауыттан жеткізді. Сөйтіп, кірпіштің «пеноблок» аталатын түрін шығаруға кірісті. Өзінің айтуынша, осыған дейін қала маңындағы құрылысқа қажетті осындай өнім шығарумен шұғылданатын кәсіпорында жұмыс істеп, жинақтаған тәжірибесі жаңа кәсібін бастауда көп қиындық тудыра қоймағаны анық.
    Кәсіпкердің қолынан шыққан кірпіштер қазір ауылдың ғана емес, аудандағы басқа елдімекен тұрғындарының да сұранысына ие болып отыр. Бағасы да қолжетімді. Ені – 20, биіктігі – 40, ұзындығы 60 сантиметрлік кірпіштің бағасын өткен жылы 250 теңгеден сатса, биыл 280 теңгеден саудалануда. Бұл – қаладан тасып әкелінетін бағадан әлдеқайда арзан. Сондықтан Фарухтың құйған кірпіштеріне бүгінгі заман талабына лайықтап үй салуды бастағандар тарапынан түсетін тапсырыс та күн санап артуда. Кәсіпкер жігіт жұмыс сапасына айрықша мән береді. Биыл «пеноблок» құятын қондырғыны Ресейден 3,5 миллион теңгеге сатып алыпты. Бұл қондырғының күніне 500-600 кірпіш шығаруға шамасы еркін жетеді. Бір маусымда 90-100 мыңға дейін кірпіш шығарып, жұртшылық сұранысын қанағаттандырып отырғаны да сондықтан. Заманауи қондырғының санын алдағы уақытта арттырып, «газоблок», «полистирол», «пенопласс» аталатын құрылысқа қажетті өнімдерді де шығаруды мақсат етуі қолдауға тұрарлық. Іскер жігіт кәсібінің игілігін өзі ғана көріп отырған жоқ, 4 адамды жұмыспен қамтып, еңбекақы төлеуде. Фарид, Ришат Мейманов сынды ауыл азаматтары, Фарух ашқан кәсіпорыннан нәпақа тауып қана қоймай, кәсіпкерліктің қыр-сырына да терең бойлап, тәжірибе жинақтауда.
    – Қазір өздерін жұмыссыз санайтын жастар көп. Соларды арнайы кәсіпке баулитын оқулар ұйымдастырылса, әрбір жас өзі қалаған кәсібін меңгеріп шығар еді. Сонда жастар жұмыс жоқ дегенді желеу етіп қалаға сенделмейді. Ауыл көркі жастар емес пе? Өңір мәдениеті көтеріліп, елдің де әл-ауқаты арта түсер еді, – дейді Фарух кәсібінен басқа бүгінгі өзекті мәселені де тілге тиек етіп. Несі бар? Ойланатын, уақыт оздырмай қолға алатын мәселе. Тек, ықылас пен ниет болса, жеткілікті.
    Қорыта айтқанда, бағыты айқын «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауына ие болып, игілігін көріп отырған, сол арқылы жұртшылықтың сұранысын қанағаттыра білген Фарух Амутовтың жүргізіп жатқан жұмысына, көз қуанып, көңіл көркейді. Іске сәт дейміз!

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді

    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді

    2 years ago
    Ардагерлер бас қосты

    Ардагерлер бас қосты

    8 months ago
    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    1 year ago
    Спортқа дем берер жанашыр

    Спортқа дем берер жанашыр

    3 weeks ago
    Тоңдырды бізді…

    Тоңдырды бізді…

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>