Перейти к содержимому
Главная страница » «Қонаев – менің сүйікті қалам»: мектептерде ашық сабақтар өтуде

«Қонаев – менің сүйікті қалам»: мектептерде ашық сабақтар өтуде

Қонаев қаласының 55 жылдық мерейтойы аясында шаһарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Олардың бірі – балалардың ой-өрісін кеңейтуге, патриоттық тәрбие беруге бағытталған ашық сабақтар. Тақырыбы – «Қонаев – менің сүйікті қалам».

Ашық сабақтар барысында мұғалімдер тарихтың қойнауынан сыр шертетін деректермен, Д.А.Қонаев атамыздың өмірінен үзінділермен бөлісуде. Сондай-ақ оқушыларға шаһар іргетасының қалануы жайлы да ақпараттар беріліп жатыр.

«Өз тарихын білген оқушының болашаққа бағдары мықты болады. Мұндай сабақтардың арқасында олардың сана-сезімі оянып, көңіл көкжиегі ашылады. Тарихқа үңіліп, бойлау – баланың келешегіне алынбас қамал. Қаламыздың 55 жылдығы құтты болсын!» — деді білім бөлімінің басшысы Қаламқас Сәрсенбаева өз пікірімен бөлісіп.

Ал ертең оқушылар Қапшағай ГЭС пен десанттық-шабылдау әскери бөлімінің жұмысымен танысуға барады.