⛅
-2°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Құтырма ауруынан сақтанайық!»

    24.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    «Құтырма ауруынан сақтанайық!»
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

            Құтырма ауруы Дүние жүзінде және Қазақстанда күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Құтырма ауруы 150-ден аса елде тіркелуде. Жыл сайын Дүние жүзінде құтырма ауруынан 55000 адам қайтыс болады. Құтырмамен ауырған адамдардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 40 пайызды құрайды. Қазақстан Республикасында құтырма ауруы бойынша күрделі эпизоотиялық және эпидемиялық жағдай сақталуда. Облыста эпизоотиялық жағдай күрделі болып қалуда, жыл сайын аудандарда ауылшаруашылық малдар мен үй жануарлары арасында құтырма ауруының расталған жағдайлары тіркелуде.
    Құтырма – аса қауіпті ауру. Бұл аурудың қоздырғышы – миға зақым келтіретін вирус. Құтырма – жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық жұқпалы ауру. Құтырма вирусының қоздырғышымен барлық жылықанды жануарлар зақымданады. Ауру қоздырғышының көзі жабайы етқоректі жануарлар болып табылады. Олар: ит тұқымдастар (қасқыр, түлкі, шакал және т.б.), сусар тұқымдастар (сусар, борсық, күзен және т.б.), мысықтұқымдастар (ілбіс) және қолқанаттылар (жарқанаттар). Бұлар құтырманың табиғи көздері болып саналады. Сонымен қатар құтырма ауруы үй жануарлары: иттер, мысықтар, ауылшаруашылық жануарлар арасында да кездеседі.

    Құтырма ауруы адамға қандай жолмен жұғады ?
    Адамға вирус құтырмамен ауырған немесе ауруға күдікті жануар тістесе, сілекейлесе, сілекей шырышты қабықтарға тисе жұғады. Вирус көп мөлшерде құтырған жануардың сілекейінде болады. Құтырманың вирусы қарым-қатынас арқылы, яғни, ауру жануар тістеген, сілекейлеген кезде беріледі. Құтырма ауруы адамнан адамға өте сирек жұғады.
    Құтырған хайуандар әр уақытта бұл ауруды жұқтырушы ретінде қауіпті. Жануарларда құтырудың кейбір белгілері байқалған жағдайда, оның иесі, шаруашылықтың басшысы сол елді мекендегі мал дәрігеріне немесе ауылдық әкім мен медициналық мекеменің біріне хабарлауға тиіс. Мал дәрігері жануарды, итті оқшаулап ұстап, бақылау мерзімі біткенде оның нәтижесіне қарай шара қолданады.
    Адамдардың құтырманы жұқтыруы, жарақат алған жеріне байланысты. Құтырған жануар бетті тістеген жағдайда 90% ауруға ұшырайды, қолдың білезігін тістеген кезде – 63%. Адамдар тез арада арнайы екпе қабылдамаса, құтырмамен ауру жағдайлары 100% қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады.

    Аурудың белгілері қандай ?
    Ауру басталғанда алғашқы белгілері: тістелген жердің қышуы, жазылған жарақаттар мен тыртықтар қайтадан қабынуы болып табылады. Аурудың бастапқы кезеңі өткеннен кейін дене қызуы көтеріледі, суды көргенде жұтынудың бұзылуы байқалады. Көп ұзамай аэрофобия, яғни ауаның кездейсоқ қозғалысы науқаста ұстамаға әкеліп соғады, ондай жағдай жарық түскенде, қатты дыбыстан да болуы мүмкін. Ұстаманың соңында ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлінеді.
    Құтырма ауруы өте қауіпті аурудың қатарына жатады, ит тістеп жарақат алған адам дер кезінде дәрігерге көрініп, жағдайының ауырлығына байланысты антирабиялық екпемен егілуге тиіс. Құтырма ауруымен ауырып қалмау үшін иттен немесе басқа жануардан жарақат алған кезде міндетті түрде жараны сабынмен бірнеше рет қайталап жуып тастау керек. Содан кейін 103 телефон номері арқылы жедел жәрдем шақырып, аурухананың қабылдау бөлімінде немесе емханада медициналық көмекке жүгініп, құтырма ауруына қарсы антирабиялық екпе қабылдау қажет. Екпеден кейінгі мейлінше күшті иммунитетт адамдарды құтыру ауруынан сақтап қалатын бірде бір маңызды шара болып табылады. Аурудың қауіпті кезеңі ұзақ болғандықтан, жыртқыштан, жануардан жарақат алған адамда бір жылға дейін аурудың белгілері білінбей жүре береді, бірақ кенеттен өліп кетуі мүмкін.
    Барлық емханалар кез-келген жануарлардан жарақат алған адамдарға міндетті түрде медициналық көмек көрсетеді. Жарақаттарды емдеу бөлімінде құтырмаға қарсы екпе курсы тағайындалып, тегін екпе жасалады.
    Екпе курсын толық қабылдау, өмірді сақтап қалады.
    Сондықтан ауруға немқұрайды қарамай, дереу дәрігерге көмек алуға ұмтылайық.
    Антирабиялық вакцина мен иммуноглобулин құтырма ауруынан сақтайтын жалғыз ем!!!

    Өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз!

     

    Б.М.Успанов,

    Талғар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
    бақылау басқарма басшысы 

    Ұсынымдар

    Мектебімді қимаймын

    Мектебімді қимаймын

    6 months ago
    Алматы облысында тұқымдарды бақылаудың пилоттық цифрлық жүйесі іске қосылды

    Алматы облысында тұқымдарды бақылаудың пилоттық цифрлық жүйесі іске қосылды

    2 months ago
    Аңсаған арманға жеткен күн

    Аңсаған арманға жеткен күн

    2 years ago
    Құрбандық құлшылығы мал шалумен ғана шектелмейді

    Құрбандық құлшылығы мал шалумен ғана шектелмейді

    2 years ago
    Астанада әскерилер арасында тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

    Астанада әскерилер арасында тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>