[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақтауда Mangystau International Tourism Forum басталды

    25.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Ақтауда Mangystau International Tourism Forum басталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Ақтауда Туризм және спорт министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Mangystau International Tourism Forum басталды. Форумға халықаралық ұйымдардың өкілдері, соның ішінде ТҮРКСОЙ мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, бизнес өкілдері, инвесторлар және сарапшылар қатысуда.

    Форумның негізгі мақсаты – өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін таныстыру, Орталық Азиядағы туризмді дамыту перспективаларын талқылау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

    Бағдарлама аясында инвестиция тарту, көлік қолжетімділігі, медициналық, оқиғалық және жаппай туризмді дамыту мәселелеріне арналған пленарлық отырыстар жоспарланған.

    «Туризмді дамыту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Ішкі және келу туризмін қолдау, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашу бағытында мемлекет нақты шаралар қабылдап жатыр. Биыл Маңғыстау облысын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Құжат аясында жалпы құны 401 млрд теңгені құрайтын 100-ден астам іс-шара қарастырылған. Бұл форум өңір үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам болмақ», – деді Ербол Мырзабосынов форумның ашылу салтанатында.

    Сондай-ақ елге шетелдік туристерді тарту үшін қолайлы жағдай жасалуда. Бүгінде Қазақстанға 87 елдің азаматтары визасыз кіре алады, ал 30 мемлекетпен тікелей әуе рейстері ашылған. Бұдан бөлек, «әуе кеңістігінің бесінші еркіндігі» режимі қолданылады. Мұның барлығы Қазақстанның халықаралық саяхатшылар үшін тартымдылығын айтарлықтай арттырады.

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдің туристік саласын дамытуға тоқталып, инфрақұрылымдық жобалардың қарқынды іске асырылып жатқанын атап өтті.

    «Маңғыстау – тек мұнай мен газ ғана емес, сондай-ақ қайталанбас табиғи және мәдени мұрасы бар ерекше өңір. Президент тапсырмасына сәйкес, біз облысты туристер мен инвесторлар үшін тартымды орталыққа айналдыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасалуда. Дегенмен ең бастысы – бұл бағытта экологияға және қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеуіміз керек. Сонымен бірге ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетімізді сақтау маңызды. Қазіргі мақсат – қазақтың дәстүрлі заңдылықтары мен ұлттық дәстүрлерін сақтай отырып, Маңғыстауға туризмді барынша дамыту», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

    Маңғыстау өңірі Қазақстанның туристік картасында айрықша орынға ие. Каспий теңізінің жағалауы, Бозжыра мен Қызылкүп шатқалының қайталанбас ландшафттары, бай тарихи-мәдени мұрасы аймақты Орталық Азиядағы ең әлеуетті туристік бағыттардың біріне айналдырады.

    Ақтаудағы форум еліміздің және бүкіл өңірдің туризм саласына тың серпін беріп, халықаралық әріптестікті нығайтуға және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады.

    Ұсынымдар

    Ауыл футболы: Бала бар, алаң жоқ

    Ауыл футболы: Бала бар, алаң жоқ

    2 years ago
    Әлемге танымал кәсіпкерлер мен көшбасшылар бас қосады

    Өңірдің туристік әлеуетін арттыру жайы талқыланды

    2 years ago
    Ата-ана – балаға айна

    Ата-ана – балаға айна

    2 months ago
    Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

    Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

    5 months ago
    Кәсіпкерлікке қолдау зор

    Кәсіпкерлікке қолдау зор

    6 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>