[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    АИТВ инфекциясын қоғам қалай қабылдайды?

    26.09.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    АИТВ инфекциясын қоғам қалай қабылдайды?
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Психологтардың мәліметінше, қоғамда иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға қатысты дискриминация мен фобия бар. Тиісті сауаты болмаған адам мұндай АИТВ жұқтырғандар туралы естісе, олардан қашқақтап жүреді. Тіпті мектеп директорына өтініш жазып, баласын науқастармен араластырмауды сұрайтын ата-ана да болады. Қоғамдағы бұндай көзқарастан қашқақтаған АИТВ жұқтырғандар адамдар, үнемі қоғамнан қорқып, «айналамдағылар біліп қоймаса екен» деген үреймен, күйзеліспен өмір сүреді. АИТВ жұқтырғандар жиі қолайсыз жағдайларға тап болып стигма және дискриминацияға ұшырауда. Алғашқыда қоғамда АИТВ індеті басталған кезде пайда болған пікір: «ВИЧ/АИТВ тек маргиналды топтарға жұғады – нашақорлар, үй-күйсіздер, жезөкшелер ауырады. Мен ондай емеспін, жыныстық өмірім реттелген, демек ВИЧ-тің маған қатысы жоқ». Шын мәнінде, АИТВ-ның ең жиі таралатын жолы – қорғансыз жыныстық қатынас. АИТВ адамның мінез-қылығына байланысты, адамның өз әрекеті мен өмір салтына байланысты жұғатын инфекция. Яғни бұл инфекция күнделікті тұрмыста немесе ауа арқылы емес, арнайы жағдайларда, адамның белгілі бір әрекеттері арқылы жұғады.

    Осыған орай бұл инфекцияны әлеуметтік жағдайы жақсы, қоғамда өз орнын тапқан адамдар да жұқтыруда. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 19 тарау, 2 параграф 161-бабына сәйкес, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау бекітілген. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың құқықтары заңмен қорғалады. Мемлекет оларды емдеуге, әлеуметтік көмекке және құқықтық қорғауға міндетті. Олардың жеке деректері құпия сақталады. АИТВ жұқтырған адамдардың жұмысқа тұруы, оқуы және басқа да құқықтары шектелмеуі керек екені көрсетілген. Егер АИТВ жұқтырғандарға түсіністікпен қарап, оларға қолдау білдірсек, көмектессек, бірігіп стигма мен дискриминацияға қарсы күрес жүргізсек олардың өмірге деген көзқарасы өзгеріп, қоғамда фобиямен өмір сүрмес еді. Кейде АИТВ жұқтырғандарға тек қарапайым адами қарым-қатынас пен шынайы жанашырлық таныту жеткілікті. Науқастың әрекетін қатал сынға алмай, алғыс күтпестен қолдау көрсету маңызды. Пациентке деген қарым-қатынасыңыз арқылы сіз оның қоғамның толыққанды мүшесі, адамдық қадір-қасиеті бар тұлға екенін сезіндіру керек.

    Дидар Ибраимов Махмутұлы,

    Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық адағалау бөлім меңгерушісі

    Ұсынымдар

    Қоқыс полигонында су жинақтағыш резервуар салынуда

    Қоқыс полигонында су жинақтағыш резервуар салынуда

    7 months ago
    Ақын рухына тағзым

    Ақын рухына тағзым

    6 months ago
    Жеңіс тұғырынан көрінді

    Жеңіс тұғырынан көрінді

    2 years ago
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады

    Тіл тұғыры отбасынан басталады

    1 year ago
    Мемлекет басшысы: «Қазақ-армян қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие болады»

    Мемлекет басшысы: «Қазақ-армян қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие болады»

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>